Сарып ауруының алдын-алу

24.01.2018 жылы №7қалалық емханасында сарып ауруының алдын алу бойынша 3 айлығы жариялануына байланысты, медицина қызметкерлері арасында «Сарып ауруының алдын-алу» тақырыбында семинар өткізілді. Семинарға 65 медицина қызметкерлері қатысты. Сарып ауруының алдын алу бойынша материалдар таратылды. Дәрігер эпидемиолог А.Д.Кан «Сарып ауруының алдын алу» тақырыбында баяндама жасады. Аурудың алдын алу бойынша тұрғындар арасында санитарлық-ағарту жұмысын күшейту көзделді.