ЖРВИ мен тұмау ауруы маусымы

ЖРВИ мен тұмау ауруы маусымы жақындап келеді, яғни иммундық жүйе қабыну процестерімен күресу барысында әлсіз болуы мүмкін. Вирустар мен бактериялар әртүрлі беттерде ұзақ уақыт өмір сүре алады. Олардың көп шоғырланатын орындар мен заттар:
– қолма-қол қағаз ақшалар
– смартфондар
– есік тұтқалары
– кеңсе үстелі және жұмыс орны, қоғамдық орындардағы үстелдер
– мейрамханалар / кафелер мәзірі және т.б.
Вирус жұқтыру қаупін азайту үшін, аталған заттар мен орындарды антисептикпен зарарсыздандырып отыруға кеңес береміз. Бұл заттарды пайдаланған соң, қолыңызды жуып, көз, мұрын, бетіңізге қолыңызды барынша тигізбеуге тырысыңыз.

Үйде отырып МӘМС жарналарын қалай төлеуге болады?

Үйде отырып МӘМС жарналарын қалай төлеуге болады?
Онлайн қызметтерді, смартфон немесе үй компьютерін пайдалану арқылы төлем жасау әлдеқайда ыңғайлы және оңай. Назарларыңызға егжей-тегжейлі нұсқауларды ұсынамыз.

Қазақстанда 2020 жылдың 1 тамызынан бастап жоспарлы медициналық көмек көрсету қайта жанданды. ⠀

Қазақстанда 2020 жылдың 1 тамызынан бастап жоспарлы медициналық көмек көрсету қайта жанданды.
Карантиндік шектеулерге байланысты көптеген жоспарлы медициналық қызметтерді көрсту тоқтатылған еді, алайда қажетті санитарлық-эпидемиологиялық шаралар қабылданғаннан кейін медициналық ұйымдарға ауруханалар ашуға рұқсат берілді.
Қазіргі уақытта еліміздегі 626 ұйым жоспарлы медициналық қызмет көрсетеді. Мұндай ұйымдардың ішінде жеке клиникалар да бар.
Жоспарлы медициналық көмек көрсетушілердің толық тізімін Қордың fms.kz сайтынан білуге болады. Тізім жаңартылып отырады.
*

Бір реттік медициналық маска және қоғамдық көлік.

Бір реттік медициналық маска және қоғамдық көлік.
Бір реттік медициналық масканы тағу режимі қоғамдық көліктерде қатаң сақталуы қажет.
Медициналық маскалар МІНДЕТТІ орындар:
• автобус;
• такси;
• пойыз;
• ұшақ;
Ерекшелік ретінде, жеке көліктің болуы ғана есептеледі. Бірақ жеке көлікте жалғыз не бірге тұратын отбасы мүшелері ғана болуы керек.
*

Медициналық сақтандыру қоры халыққа көрсетілген медициналық қызметтердің сапасы мен көлеміне қатысты 460 мыңнан астам заңбұзушылық анықтады

Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі (ТМККК) шеңберінде және МӘМС пакеті бойынша медициналық көмек көрсету сапасына тұрақты түрде мониторинг жасайды. Сонымен қатар, сарапшылар көмек көлемін қолдан көтеріп, аурудың диагнозын ауырлатып көрсеткен, ауруханаға жатқызудан және медициналық көмек көрсетуден бас тартқан, пациенттер іс жүзінде алмаған медициналық бұйымдар мен дәрілік заттарды тіркеген, бір реттік құралдарды қайта қолданған жағдайларды анықтады. Медициналық сақтандыру қоры медициналық ұйымдарға көрсетілген қызметтер үшін қаржыны көрсетілген медициналық көмектің бекітілген стандарттарға сәйкестігіне мониторинг жүргізілгеннен кейін төлейді.
Заңбзушылықтар арасында көбінесе жалған тіркеу жиі кездеседі. Салынған айыппұлдар қайтадан медициналық қызметтерге төленетін ақы ретінде пайдаланылады. Медициналық ұйым Қордың жеткізушісі ретінде бекітілген стандарттарға сәйкес медициналық көмек көрсетуге және пациентті өзіне тиесілі қызметтермен қамтамасыз етуге міндетті. МӘМС медициналық ұйымдар арасындағы заңбұзушылықтарды жоюға бар күшін салуда. Сондықтан азаматтардан әділетсіз жағдайлар жайлы хабарлауларын сұраймыз. Қор пациенттерден келген әрбір ресми өтініш бойынша шара қабылдайды.
Шағым немесе өтініш беру үшін 1406 телефонына немесе Qoldau 24/7 мобильді қосымшасы хабарласу қажет.

Қашықтықтан жұмыс істеу және оқу кезіндегі көз гигиенасы

Компьютер алдында ұзақ мерзімді жұмыс немесе оқу кезінде көру қабілетіңізді сақтау үшін келесі ережелерді ұмытпаңыз:
1) Монитор экраны көз деңгейінен 20 градус төмен болуы керек;
2) Көз деңгейінен монитор экранына дейінгі қашықтық кемінде 45-70 сантиметр болуы керек;
3) Компьютер алдында үздіксіз жұмыс уақыты ересектер үшін 50, балалар үшін 20 минуттан аспауы керек;
4) Монитор экранына жарық немесе күн сәулесінің түсуіне жол бермеңіз;
5) Компьютер алдында ұзақ жұмыстан кейін көзге арналған қарапайым жаттығуларды жасап отыру керек.
*

Бір реттік медициналық маскаларды пайдалану және жою ережелері ⠀

Бір реттік медициналық маскаларды пайдалану және жою ережелері
1. Масканы қолданар алдында қолыңызды жақсылап жуыңыз
2. Масканың бүтіндігіне көз жеткізіңіз
3. Маска мұрныңыз бен аузыңызды мықтап жауып тұру керек
4. Масканы шешкенде немесе түзеткенде, оның ілгіш белбеушелерінен ғана ұстаңыз
5. Бір рет қолданылатын масканы 1 сағаттан артық киюге болмайды
6. Масканы жабық қоқыс жәшігіне / контейнерге тастаңыз
7. Қоқысқа тастағаннан кейін қолыңызды жақсылап жуыңыз.
*

Жиі қойылатын сұрақ:

Жиі қойылатын сұрақ:
Қазіргі таңда сақтандыру мәртебесінің жоқтығына байланысты азаматтардың Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына өтініштері көбейді. Мынандай себеппен:
• науқас ұзақ емдеуде (2-4 айдан астам) ал (мысалы, қатерлі ісікпен ауыратын науқас, бірнеше айлар бойы химиотерапия алған, болашақта мүгедектікті тіркеуге тура келеді, алайда сақтандыру мәртебесінің болмауына байланысты медициналық ұйым оны тегін тексеруден бас тартады) жұмыс беруші Қорға жарна аудармайды. Салдарынан науқас қажетті тексерулерден өте алмай, мүгедектікті тіркеу үшін құжаттарды дайындай алмайды.
Жауап: Барлық онкологиялық аурулар әлеуметтік маңызы бар аурулар тобына кіреді, және мұндай науқастар динамикалық байқауға алынады.
Сонымен бірге медициналық қызметтер медициналық көмектің кепілдендірілген көлемі аясында көрсетіледі, (Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің 2015 жылғы 28 шілдедегі № 626 бұйрығы) нәтижесінде сақтандыру мәртебесінің болмауына байланысты медициналық ұйымдардың онкологиялық ауру динамикалық байқауынан бас тарта алмайды.
Қызмет көрсетуден бас тартқан жағдайда, дереу медициналық ұйымдағы науқастарды қолдау қызметіне немесе 1406 номері бойынша әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына хабарласуды сұраймыз. Сондай-ақ, телеграм арнасы https://t.me/ сілтемесі арқылы SaqtandyryBot, Qoldau-24/7 мобильді қосымшасы(Google Play немесе App Store жүктеу арқылы), 87001031406 номері бойынша WhatsАрp-қа хабар берулеріңізді сұраймыз.
*

Иіс пен дәм сезбеу: қашан қалпына келеді?

Дәм мен иіс сезбеу–коронавирустың басты белгілерінің бірі. Әлсіздік пен қалтырау COVID-19-дың жиі кездесетін белгілері болса да, олар басқа жұқпалы ауруларда да болуы мүмкін. Ал иіс пен дәмнің жоғалуы – бұл тек COVID-19 тән симптом.
Коронавирус адамның миына мұрынның иіс сезу рецепторлары арқылы еніп, сол арқылы орталық жүйке жүйесіне жететінін ғылыми тұрғыдан анықтаған.
Ғалымдардың айтуынша, коронавируспен ауыратын науқастардың шамамен 60% -ы иіс сезбейді. Коронавирустық инфекцяны жұқтырғандардың 90% -ның иіс пен дәм сезуі бір ай ішінде қалпына келеді. Алайда, қазіргі пандемияның ауқымын ескере отырып, сарапшылар көптеген адамдар үшін бұл симптом ұзақ мерзімді болуы мүмкін деп ескертеді.

 

КВИ белгілері бар науқасты жедел госпитализациялау шарттары ⠀

• Тыныс алу жиілігі – тынығу кезінде минутына 24-тен жоғары болса. Тыныс алу жиілігінің нормасы минутына 16-20 қозғалыс;
• Ентігудің күшеюі. Науқастың сөзі кідірмелі болса;
• Қан қысымының төмендеу тенденциясы;
• Сатурация 95% -дан аз. Қалыпты жағдайда 94% -дан асады;
• Тахикардия. Тынығу кезіндегі жүрек соғу жиілігі минутына 100-ден астам. Қалыпты жағдайда жүрек соғу жиілігі минутына 60-80 соққы.