МӘМС жүйесіне қазақстандықтармен қатар Ресей, Беларусь, Армения және Қырғызстан азаматтары, яғни Еуразиялық экономикалық одаққа кіретін елдер қатыса алады.
Егер еңбек мигрантының балалары Қазақстанда тіркелген болса, олар ұлттық білім беру деректер базасы жүйесіне енгізілсе, онда олар үшін жарналарды мемлекет төлейтін болады. Жүкті немесе бала күтімі бойынша демалыста жүрген әйелі де жеңілдік санатына жатады, бірақ ол әлеуметтік қамсыздандыру жүйесіне тартылған жағдайда ғана. Егер әлеуметтік қамсыздандыру жүйесіне тартылмаған болса, ол дербес төлеуші ретінде жарна төлей алады, сондай-ақ МӘМС-тің барлық қолжетімді қызметтерін пайдалана алады.
Егер шетелдік, мысалы, Италиядан болса, оған тек ақылы медициналық көмек көрсетіледі.
——————————————-

Иә. Жалпы елден кету құқығын шектеу бірнеше жағдайда қолданылады, егер: адам сот процесіне қатысқан болса немесе қатысып жүрсе, салық, айыппұл немесе алимент бойынша берешегі болcа. Көріп отырғанымыздай, «МӘМС-те сақтандыру мәртебесінің болмауы » бұл тізімде жоқ.

ҚР ДСМ бұйрығына сәйкес жүкті әйел нақты тұратын жері бойынша емханада есепте тұруы тиіс. Пациент көшіп кеткендіктен, яғни медициналық ұйымның қызмет көрсету аумағынан тыс шыққандықтан, емхана өкілдері оны қабылдамауға құқылы.
Аяғы ауыр әйелдер үшін қадамдық қолжетімділік қағидатын есте сақтау өте маңызды: егер емхана емделушінің үйінен 15-20 минуттық жаяу жүретін жерде болса ғана жағдайының нашарлауы кезінде АМСК дәрігерлері көмек көрсете алады. Сондықтан жүкті әйелдерге қадамдық қолжетімділікте тұрған емханаға тіркелуді ұсынамыз.
—————————————————————–

Короновирустык инфекциядан кейін оңалтудан өтуді қалаймын.Ол үшін не істеу керек:?

– Ең алдымен, өзіңіздің емдеуші дәрігеріңізге хабарласыңыз. Емханадағы дәрігер оңалту дәрігерінің немесе мультидисциплинарлық топтың Кеңесіне жолдама береді, олар жағдайды бағалайды және қалпына келтіру шараларының қажетті курсын таңдайды. Олар тыныс алуды қалыпқа келтіруге, асқынуларды азайтуға, өмір сүру сапасын арттыруға және мазасыздық пен депрессия белгілерін жеңілдетуге бағытталған.
Көрсетілімдер болған кезде оңалтудан үйде емделген және медициналық ұйымдарға жүгінбеген азаматтар да өте алады. Олар үшін әрекеттер алгоритмі бірдей.
Айта кету керек, медициналық оңалту функционалдық бұзылу дәрежесіне байланысты стационарлық және амбулаториялық жағдайда да жүргізілуі мүмкін.
***