МӘМС ЖҮЙЕСІНДЕ САҚТАНДЫРЫЛҒАН МӘРТЕБЕСІН ҚАЛАЙ ҚАЙТАРУҒА БОЛАДЫ?

Қорға жиі қойылатын сұрақтардың бірі: барлық жарна төленсе де, неге мәртебе САҚТАНДЫРЫЛМАҒАН болып шығады?
☝🏼Ескерте кетсек, барлық жарнаның төленгенін өзіңіз жеке қадағалауыңыз қажет екенін ұмытпаңыз. Кейде жұмыс беруші немесе азаматтардың өзі жарнаның бәрін аудармайды да, МӘМС арқылы медициналық қызмет алу мүмкіндігінен айырылады.
✅Мәртебе қайтадан САҚТАНДЫРЫЛҒАН болуы үшін төленбеген жарнаны төлеу керек. Мұны сіз үшін жұмыс берушіңіз істей алады немесе дербес төлеуші өзіңіз төлей аласыз (жарна сомасы 1 ЕТЖ-ның 5%-і немесе 2125 теңге. Төлемнің тағайындау коды – 122).
🔴Естеріңізге сала кетсек, “Сақтандырылған” мәртебесіне ие болу үшін, медициналық көмекке жүгінердің алдында соңғы 12 ай бойы жарнаны үздіксіз төлеп отыру қажет.
🔴БЖТ төлеушілер медициналық көмекке жүгінердің алдында соңғы 3 ай бойы төлесе жеткілікті.

МӘРТЕБЕНІ ҚАЛАЙ ТЕКСЕРЕМІЗ?

Міндетті медициналық сақтандыру жүйесіндегі мәртебеңізді бірнеше әдіс арқылы тексере аласыз:
✅@SaqtandyryBot телеграмм-боты
Мини-бағдарламаны іске қосу үшін, сілтемені ашу қажет: https://t.me/SaqtandyryBo немесе іздеу жолына атауын енгізіп, “Сақтандырылу мәртебесін анықтау” бөлімін таңдап, ЖСН енгізу керек.
✅Egov.kz электронды үкімет порталы
“Денсаулық сақтау” бөлімінде “МӘМС жүйесінде медициналық қызметті тұтынушы ретінде қатысу туралы және аударымдардың және (немесе) жарналардың аударылған сомалары туралы ақпарат беру” қызметін тауып, “Онлайн сұрау” батырмасын басып, ЖСН көрсету қажет. Нәтиже 10 минут ішінде шығады.
✅Қордың ресми сайты – fms.kz
“Мәртебені анықтау” терезесі оң жақта орналасқан. Соны басып, ЖСН көрсетсеңіз болғаны.
✅Qoldau 24/7 мобильді қосымшасы
Ол үшін “Сақтандырылу мәртебесін тексеру” бөлімін таңдап, әрі қарай ЖСН енгізу керек. Терезеде мәртебе және өткен 12 ай үшін төленген жарналар туралы ақпарат пайда болады.

Спутник V

02.03.2021ж. 200 доза «Спутник V» екпенің 1-ші және 2-ші компоненттері кабылданды.03.03.2021ж. және 16.03.2021ж. бірінші  кезеңі егілді.
7  Қалалық емханаға қарасты :
мектеп  оқытушылары- 38 медициналық қызметкерлер-22
басқа медициналық орталығының қызметкерлері-80.
Білімгерлер-2.

Тұрғындар- 50.

Консультациялық-диагностикалық қызметке жолдама берер кезде дәрігер күту мерзімі 10 күннен артық уақытты белгілесе, пациент Қор базасында МӘМС бойынша сол қызметті көрсететін кез келген медициналық ұйымға жолдама беруді талап ете алады.
Медициналық жәрдем алуды күту ұзақтығы шектен асып кеткен жағдайда кері байланыс арналары арқылы Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына хабарлаңыз:
✅ Qoldau 24/7 мобильді қосымшасы
✅@saqtandyrybot телеграмботы
✅1406 байланыс орталығы
✅Қордың fms.kz сайты
Қор хабарламаңызды оқып, тиісті шара қолданады.
ЖЕҢІЛДІК САНАТЫНА КІМ ЖАТАДЫ?
Мемлекет жеңілдікке ие 15 санаттағы азаматтар үшін МӘМС жарнасын төлейді, олардың жалпы саны – 11 млн қазақстандық.
Егер сіз жеңілдікке ие санаттың біріне енетін болсаңыз, автоматты түрде МӘМС жүйесіне қатысушы атанасыз.