УЛЬТРАКҮЛГІН СӘУЛЕ: ПАЙДАСЫ МЕН ЗИЯНЫ

☀️Ультракүлгін сәуле жазда ғана емес, суық айларда да белсенді болады. Көктемде күн жылына бастайды, сондықтан өз ағзаңызды дұрыс қорғау туралы ойланғаныңыз жөн.
Негізгі көзі күн сәулесі болып табылатын ультракүлгін сәулесі, аз мөлшерде ағзада D дәрумені өндірісін ынталандырып, көңіл-күйді жақсартады.
☘️Алайда, ағзаға ультракүлгін сәулелерінің ұзақ әсер етуі, күннің күйуіне, тері жасушаларында дегенеративті өзгерістерге және көздің қабыну реакциясына әкелуі мүмкін. Басқа жағдайда, ультракүлгін сәулесі терінің қатерлі ісігі мен катарактаға әкелуі мүмкін.
☀️Сондықтан, әсіресе жазда күннен қорғайтын кремдер қолданып, көзілдірік тағып жүру керек.
——————————————-
ЖАУАП:
Ең алдымен, өзіңіздің емдеуші дәрігеріңізге хабарласыңыз. Емханадағы дәрігер оңалту дәрігерінің немесе мультидисциплинарлық топтың Кеңесіне жолдама береді, олар жағдайды бағалайды және қалпына келтіру шараларының қажетті курсын таңдайды.
Олар тыныс алуды қалыпқа келтіруге, асқынуларды азайтуға, өмір сүру сапасын арттыруға және мазасыздық пен депрессия белгілерін жеңілдетуге бағытталған.
📌Көрсетілімдер болған кезде оңалтудан үйде емделген және медициналық ұйымдарға жүгінбеген азаматтар да өте алады.
✅Олар үшін әрекеттер алгоритмі бірдей.
📌Айта кету керек, медициналық оңалту функционалдық бұзылу дәрежесіне байланысты стационарлық және амбулаториялық жағдайда да жүргізілуі мүмкін.
——————————————-

ВАКЦИНАЦИЯ

2021 жылдың сәуір айынан бастап Қазақстанда азаматтарды COVID-19-ға қарсы жаппай вакцинациялау басталды. Екпе алу үшін өтінім қалдыру қажет. Мұны екі жолмен жасауға болады:
1. E-gov порталында «Вакцинацияға жазылу» қызметі қолжетімді. Сізге тек сіздің аймағыңызды және медициналық мекемеңізді таңдау керек.
2. Сіздің медициналық ұйымыңыздың және сіздің облысыңыздың Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының сайтында көрсетілген Call-орталықтар арқылы.
✅Сіздің өтінішіңіз қаралғаннан кейін ұялы телефоныңызға әлеуметтік алыстау шараларын ескере отырып, вакцинацияның күні, уақыты және орны туралы хабарлама келеді.
✅Егер сіз 18 жасқа толмаған болсаңыз, сіз жүкті әйел немесе емізетін анасыз, сондай – ақ сізде қарсы көрсеткіштер – жоғары температура, тұмау және өткір жағдайлар, онкологиялық аурулар, туберкулез болса, сізге екпе жасаудан бас тартады.
————————————–

КОЛОРЕКТАЛЬДІ ОБЫРДЫ АНЫҚТАЙТЫН СКРИНИНГ

КОЛОРЕКТАЛЬДІ ОБЫРДЫ АНЫҚТАЙТЫН СКРИНИНГ
Колоректальді обыр ерлер мен әйелдер арасында қатерлі ісік салдарынан болған өлім деңгейі бойынша екінші орынға ие.
✅Колоректальді обыр көбінесе тоқ ішектегі аденомадан пайда болады және тұқым қуалайтын полипоз немесе ішектің қабыну дертіне шалдыққан науқастарда туындайды. “Полип” термині ішектің ішінде пайда болған ұлпа өскіні дегенді білдіреді.
❗Ерте кезден анықталған жағдайда қатерлі ісіктен құлан-таза айығуға болады. Ал дерттің белгілері байқалып, қатерлі ісіктің таралу қаупі туындаған кезде ауруды емдеу қиынға соғады.
50 мен 70 жас аралығындағы ерлер мен әйелдер екі жылда бір рет тексеруден өтуі керек.
📌Онкоскринингтер қатерлі дерттің алдын алуға мүмкіндік береді, сондықтан тұрақты түрде өтіп отырған абзал.
✅Скринингтік зерттеулер, пациентті әрі қарай бақылау және емдеу шараларымен амбулаториялық-поликлиникалық көмек көрсететін ұйымдар айналысады, оның ішінде алғашқы медициналық-санитарлық жәрдем де бар.
✅Қала тұрғындары, меншіктің қай түрі болмасын, амбулаториялық-поликлиникалық көмек көрсететін ұйымдарға қаралады.
✅Ауыл тұрғындары, меншіктің қай түрі болмасын, медициналық пунктілерде, фельдшерлік-акушерлік пунктілерде, дәрігерлік амбулаторияларда, аудандық емханаларда, сондай-ақ жылжымалы медициналық кешендерде тексеріледі.
❗Скринингтік зерттеулер 2020 жылдың 1 қаңтарынан бері міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі қамтитын қызметтер қатарына кіреді, сонымен қатар ТМККК аясында да жүргізіледі.
📌дәрігердің жолдамасы бойынша қабылдауға келіп, кеңес алып, тексеруден өте аласыз.
❗Есте сақтаңыз! Скринингтің басты мақсаты – дертті ерте анықтау және емдеу.

КВИ-ГЕ ҚАРСЫ ВАКЦИНАЦИЯ ӨЗІНІҢ ТИІМДІЛІГІН КӨРСЕТТІ – А. ЦОЙ

2021 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша коронавирусқа қарсы вакцинаның қолжетімділігі 300 мың азамат үшін қамтамасыз етілген, бұл туралы бүгін Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен өткен коронавирус инфекциясына қарсы іс-қимыл шаралары жөніндегі кеңесте Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой хабарлады.
«Қасым-Жомарт Кемелұлы, Сіздің тапсырмаңызға сәйкес, 2021 жылғы 1 ақпаннан бастап КВИ-ге қарсы вакцинациялау басталды. Вакцина алдымен КВИ-мен күресіп жүрген мамандарға салынды. Бұл тактика әлемнің көптеген елдерінде қолданылады. 2 ай өткен соң, КВИ-ге қарсы вакцинация өзінің тиімділігі мен қауіпсіздігін көрсетті, сондай-ақ халық арасында сенімді арттырды», – деді Денсаулық сақтау министрлігінің басшысы.
Сәуір айында ресейлік вакцинаның қосымша 2 млн. астам дозасынан жеткізіледі. Бірінші жартыжылдықтың соңына дейін 6 миллионға жуық қазақстандықты вакцинациялау жоспарланған.
Вакцинаның бұл көлемі КВИ-ге қарсы вакцинациялауға жататын контингентті және барлық ниет білдірушіге вакцинацияның қолжетімділігін кеңейтуге мүмкіндік береді.
Министр сондай-ақ, Қазақстанда ауқымды вакцинация жүргізу тәжірибесі бар екенін атап өтті. Бұған дейін елде бір айда 2 миллионнан астам азамат тұмауға қарсы вакцинацияланды.