№7 қалалық емханасында Абай Құнанбаевтың 176 жылдығына арналған әдеби кеш

Бүгін №7 қалалық емханасында Абай Құнанбаевтың 176 жылдығына арналған әдеби кеш өтті. Мақсаты – қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбаевтың ұжымды өнегелі өмірімен таныстыру, әдеби мұрасының, өлеңдері мен әндерінің таралуын насихаттау және шығармаларына шолу жасау.
Іс-шара бағдарламасы өте танымдық және мазмұнды болды, ақ халаттылар шығармашылық потенциалын, әдеби өнерге деген білімі мен сүйіспеншілігін көрсетті.
Мерекелік кеш қазақ ақыны, композитор, ағартушы, ойшыл, қоғам қайраткері, қазақ жазба әдебиетінің негізін қалаушы және оның бүкіл әлем таныған алғашқы классигі, адамзаттың дана мұғалімі және данышпаны Абай Құнанбаевтың өмір жолына арналған бейнероликпен басталды. Медицина қызметкерлері жанды дауыста «Көзімнің қарасы», «Сегіз аяқ» әндерін айтып, әуезді күймен ұжымның көңіл-күйін көтерді. Өзге ұлтты медицина қызметкерлері ұлы ақынның өлеңдерін қазақ тілінде оқып, жиналғандардың жүректеріне жылу ұялатты. Соңынан викториналық сұрақтар қойылып, жеңімпаздарға «Абай» кітабының жаңа басылымы сыйға тартылды.
Таза ауада өткен әдеби кешті қорытындылау үшін бас дәрігердің орынбасары Әлия Шатаева ат салысқан медицина қызметкерлеріне алғысын білдірді.