ӘМСҚ-мен шарт жасасу туралы

«Жамбыл облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы № 7 қалалық емханасы» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны мен ««Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» коммерциялық емес акционерлік қоғ­амы 31.12.2021 жылы 2022 жылға тегін медициналық жәрдемнің кепілдік берілген көлемі шеңберінде балалар мен ересектерге медициналық  көмек  көрсетуге                                      № A-06-0123-00009-G от 31.12.2022 және № A-06-0123-00015-O от 31.12.2022 келісімшарттарын  жасасқандығын  хабарлайды.

медициналық жәрдем түрлері бойынша:

  1. Алғашқы медициналық-санитариялық көмек:
  • Білікті көмек
  • Дәрігерге дейінгі көмек
  1. Ересектерге консультативті-диагностикалық медициналық көмек;
  2. Балаларға консультативті-диагностикалық медициналық көмек;
  3. Диагностика (функционалдық диагностика, эндоскопиялық диагостика, рентгенологиялық диагностика, ультрадыбыстық диагностика);
  4. Лабораториялық диагностика;
  5. Эксперттік медициналық қызмет;
  6. Стоматологиялық қызмет;
  7. Салалық мамандардың кеңесі (хирург, фтизиатр, онколог, лор, маммолог, ревмотолог, уролог, инфекционист, офтальмолог);
  8. Халықты профилактикалық және скринингтік тексерулер;
  9. Психологтың кеңесі және әлеуметтік қызметкерлердің қызметтері;
  10. Компьютерлік томография қызметтері

 

Медициналық жәрдемді жоғары және бірінші санатты мамандар көрсетеді.

Қызмет көрсету мерзімі – 2023 жылдың 31 желтоқсанына дейін.

Қызмет көрсету мекенжайы: Жамбыл облысы, Тараз қаласы, Рафинадная көшесі, 13.

Анықтама үшін байланыс телефондары: 8 (7262) 46-61-90.

 

«№7 қалалық емханасы» ШЖҚ МКК-на 25 қазан 2012 ж. №Ж-ЛП №-12014873 мемлекеттік лицензиясы  Жамбыл облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасымен берілді.