+7 (7262) 46-61-90
(регистратура)
+7 (7262) 56-16-30
(служба поддержки пациентов)
+7 (7262) 46-62-84
(приемная)
Тараз қаласы

Бас дәрігердің блогы

Мен, Шатаева Алия Узбековна, 6 тамыз 1966 жылы Жамбыл облысы,  Луговой ауданы, Каменка ауылында туылдым.

1983 жылы Жамбыл облысы, Свердлов ауданы, Жамбыл орта мектебін бітіріп, Алматы мемелекеттік медицина  институтына  оқуға түстім. Аталған оқу орнын 1989 жылы педиатрия мамандығы бойынша тамамдап, Жамбыл облыстық балалар ауруханасында интернатура өттім.

1990 жылы № 7 қалалық емханасына аймақтық балалар дәрігері болып орналастым. 2011 жылы осы емхананың балалар бөлімшесінің меңгерушісі болып тағайындалдым. 2012 жылы бас дәрігердің ана мен бала денсаулығын қорғау жөніндегі орынбасары болып тағайындалдым. 2017-2019 жылдар аралығында  № 7 қалалық емханасының бас дәрігері болып қызмет атқардым. 2019 жылдың тамыз айында Жамбыл облыстық денсаулық сақтау басқармасының ана мен бала денсаулығын қорғау бөлім басшысы болып тағайындалдым. 2021 жылдың сәуір айынан 2023 жылдың маусымына дейін № 7 қалалық емханасы бас дәрігерінің емдеу істері бойынша орынбасары қызметін атқарудамын. 2023 жылдың 2 маусымынан бастап №7 қалалық емханасының бас дәрігері болып тағайындалдым.

Тұрмыстамын, жолдасым Умралиев Қаппар жеке кәсіпкер. 3 баламыз        (1 ұл,   2 қыз), 4 немереміз бар.