+7 (7262) 46-61-90
(регистратура)
+7 (7262) 56-16-30
(служба поддержки пациентов)
+7 (7262) 46-62-84
(приемная)
Тараз қаласы

Хабарландыру

Хабарландыру

 

Жамбыл облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы жанындағы Конкурстық комиссия (бұдан әрі – Комиссия) «Жамбыл облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы №7 қалалық емханасы» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнындағы бақылау кеңесі құрамына сайланатын тұлғаларға конкурс жариялайды.

Пошталық индексі 080010, Қазақстан Республикасы, Жамбыл облысы, Тараз қаласы,  Рафинадная көшесі, №13 үй, тел: 8/7262/ 466284.

Негізгі қызметі:

  • бекітілген халыққа Тараз қаласы бойынша халықтың денсаулығын қорғау жөніндегі мемлекеттік аумақтық бағдарламаларды орындау, консультациялық, емдеу-диагностикалық, амбулаториялық-емханалық және стационарлық-алмастыратын медициналық көмек көрсету;
  • диагностикалау мен емдеудің қазіргі заманғы әдістерін жүргізе отырып, халыққа амбулаториялық-емханалық және стационарлық-алмастыратын медициналық көмек көрсету, олардың сапасын тұрақты арттыру жолымен;
  • кәсіпорын қызметінде шаруашылық жүргізуді басқарудың нысандары мен әдістерін жетілдіру;
  • кәсіпорын қызметіне медициналық көмек көрсетудің тиімді ұйымдастыру нысандарын, аурулардың алдын алудың, диагностикалаудың және емдеудің жаңа әдістерін әзірлеу және енгізу.
  • тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі және ақылы медициналық қызметтер шеңберінде ересектер мен балаларға бастапқы медициналық – санитариялық көмек көрсету: халыққа емханадағы амбулаториялық қабылдауда да, үйде де көмек көрсету кезінде дәрігерге дейінгі білікті медициналық көмек көрсету;
  • штат кестесіне сәйкес мамандықтар бойынша балалар мен ересектерге кеңес беру және диагностикалық көмек;
  • білікті акушерлік – гинекологиялық көмек, отбасын жоспарлау және ұрпақты болу денсаулығын қорғау бойынша қызметтер көрсету;
  • жіті және кенеттен ауру, жарақат, улану және басқа да жазатайым оқиғалар кезінде науқастарға алғашқы және шұғыл медициналық көмек көрсету;
  • үйде дәрігерлік көмек көрсету;
  • стационарлық алмастыру көмек көрсету – емхананың күндізгі стационарында және үй стационарында медициналық көмек көрсету;
  • халықтың профилактикалық скринингтік тексерулерін өткізу;
  • науқастардың уақытша және тұрақты жұмысқа жарамдылығын сараптау (жұмысшылар және қызметшілер), еңбекке уақытша жарамсыздық парағын беру және ұзарту және басқа учаскелеріне ауыстыруға мұқтажды адамдарға ұсынымдар беру,  санаторлық-курорттық емделуге таңдау.

Денсаулық сақтау саласындағы шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорындардағы бақылау кеңесіне сайланатын тұлғаларға қойылатын талаптардың бірі – жоғары білімнің болуы, сонымен қатар келесі талаптардың бірі:

1) денсаулық сақтау немесе ұйым бейіні бойынша және (немесе) экономика/қаржы және (немесе) бизнес және (немесе) құқық саласында кемінде 5 жыл жұмыс тәжірибесінің болуы;

2) денсаулық сақтау немесе ұйым бейіні бойынша және (немесе) экономика/қаржы және (немесе) бизнес және (немесе) құқық саласындағы басшылық қызметте кемінде 3 жыл жұмыс тәжірибесінің болуы;

3) денсаулық сақтау және (немесе) экономика және (немесе) бизнес және (немесе) құқық саласындағы қоғамдық бірлестіктерге мүшелік.

2.Бақылау кеңесінің мүшесі болып келесі тұлға сайлана алмайды:

1) өтелмеген немесе алынбаған соттылығы бар;

2) осы заңды тұлғаны банкрот деп тану туралы шешім қабылданғанға дейін бір жылдан астам уақыт ішінде заңды тұлғаның басшысы болған;

3) бұрын сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасаған;

4) бақылау кеңесінің басқа мүшесімен немесе мемлекеттік кәсіпорын басшысымен жақын туыстық және туыстық қатынастағы тұлға.

Конкурсқа қатысу үшін тиісті құжаттар осы хабарландыру жарияланған уақыттан бастап 30 күнтізбелік күн ішінде «Жамбыл облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне мына мекен-жай бойынша ұсынылуы тиіс:

Жамбыл облысы, Тараз қаласы, Желтоқсан көшесі, 78, 331 бөлме, тел: 8/7262/43-76-19.

Конкурсқа қатысуға ниет білдірген тұлғалардың құжаттарын қабылдау осы хабарландыруда көрсетілген мерзімде Комиссияға мынадай құжаттарды ұсынады:

  • конкурсқа қатысу туралы өтініш (еркін нысанда жазылған);
  • мемлекеттік және орыс тіліндеріндегі түйіндеме;
  • өмірбаян (еркін нысанда жазылған);
  • кандидаттың жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
  • жоғары білімі туралы құжаттың көшірмесі;
  • 2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 35-бабынасәйкес жұмыскердің еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі;
  • Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитетінің аумақтық бөлімшелері берген соттылығы және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтары жоқтығын растайтын құжаттар.

Конкурсқа қатысушы өзінің біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне қатысты қосымша ақпаратты (біліктілігін арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар беру, ғылыми жарияланымдар, алдындағы жұмыс орнының басшылығынан ұсыным) ұсына алады.

Конкурстық өтінімдері бар конверттерді ашу Жамбыл облысы, Тараз қаласы, Желтоқсан көшесі, 78, 331 бөлмеде жүзеге асырылады.

Конкурстық өтінімі бар конверт «Экономикалық басқару негізінде мемлекеттік кәсіпорындарда бақылау кеңесін құру ережесін, бақылау кеңесіне сайланған тұлғаларға қойылатын талаптарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 20 ақпандағы №113 бұйрығының талаптарына сәйкес және сондай-ақ бақылау кеңесі мүшелерін конкурстық іріктеу және олардың өкілеттіктерін мерзімінен бұрын тоқтату ережелеріне сәйкес рәсімделуі тиіс.