+7 (7262) 46-61-90
(регистратура)
+7 (7262) 56-16-30
(служба поддержки пациентов)
+7 (7262) 46-62-84
(приемная)
Тараз қаласы

МӘМС ЕСЕБІНЕН ЭКО-ДАН ҚАЛАЙ ӨТУ КЕРЕК?

✅ Пациент МӘМС шеңберінде қосалқы репродуктивтік технологиялар бойынша қызмет көрсететін медициналық ұйымды өзі таңдайды.
✅ Осыдан кейін жоғары технологиялық медициналық қызметтер (ЖТМҚ)комиссиясының қорытындысын алу үшін тіркелген жері бойынша өзінің учаскелік дәрігеріне жүгінеді.
✅ Учаскелік дәрігер пациентті бедеуліктен зардап шегетін диспансерлік науқастардың (ДНЭТ) электрондық тіркеліміне енгізеді.
✅ Тиісті тексеруден кейін және 12 ай ішінде бедеуліктің себептері анықталғаннан кейін бейінді маманның қорытындысы негізінде учаскелік дәрігер МӘМС есебінен қосалқы репродуктивтік технологияларды жүргізу туралы мәселені шешу үшін пациенттің құжаттарын жоғары технологиялық медициналық қызметтер жөніндегі комиссияға жібереді.
✅ Оң шешім қабылданған жағдайда пациент толық құжаттар пакетін қоса бергеннен кейін, келесі қадамдар емдеуге жатқызу бюросы порталында жүргізіледі. Пациентке қызметтерді алудың басталу күні мен уақыты хабарланады.
✅ Бедеулікті емдеуде ҚРТ технологияларын пайдалана отырып қызмет көрсеткен медициналық ұйымдар деректерді медициналық ақпараттық жүйеге енгізеді.