+7 (7262) 46-61-90
(регистратура)
+7 (7262) 56-16-30
(служба поддержки пациентов)
+7 (7262) 46-62-84
(приемная)
Тараз қаласы

«Қайтыс болғаннан кейін тіндерді (тіннің бөлігін) және (немесе) ағзаларды (ағзалардың бөлігін) транспланттау мақсатында оларды тірі кезінде ерікті түрде құрбандық етуді тіркеу» мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарты

 

 

«Қайтыс болғаннан кейін тіндерді (тіннің бөлігін) және (немесе) ағзаларды (ағзалардың бөлігін) транспланттау мақсатында оларды тірі кезінде ерікті түрде құрбандық етуді тіркеу»

мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарты 

 

  1. Жалпы ережелер

 

  1. «Қайтыс болғаннан кейін тіндерді (тіннің бөлігін) және (немесе) ағзаларды (ағзалардың бөлігін) транспланттау мақсатында оларды тірі кезінде ерікті түрде құрбандық етуді тіркеу» мемлекеттік көрсетілетін қызметтер (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).
  2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты қазақстан республикасы денсаулыық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі (бұдан әрі – Министірлік).
  3. Мемлекеттік қызмет медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсететін медициналық ұйымдар (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші), халыққа қызмет көрсету орталықтары (бұдан әрі – орталық), сондай-ақ «электрондық үкімет» веб-портал арқылы: egov.kz (бұдан әрі – портал) көрсетіледі.
  4. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі

 

Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі:

  • көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар топтамасын тапсырған, сондай-ақ порта арқылы жүгінген сәттен бастап – 1 (бір) жұмыс күн;
  • құжаттар топтамасын тапсыру үшін күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 30 (отыз) минуттан аспайды;
  • көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 30 (отыз) минуттан аспайды.

Электрондық форматта мемлекеттік көрсетілетін қызмет порталға жүгінген күні көрсетіледі. Бұл ретте мемлекеттік қызметті көрсетуге сұраныс көрсетілетін қызметті берушінің жұмысы аяқталғанға дейін 2 сағат бұрын қабылданады (жұмыс күндері 18.00-ге дейін, сенбі күні 12.00-ге дейін).

  1. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған) түрінде.
  2. Әлеуметтік донор ретінде, қайтыс болғаннан кейін донорлықтан бас тартқан азаматты электрондық түрде тіркеу және есепке алу және қағаз түрінде тасушыда донордың куәлігі, немесе  мемлекеттік көрсетілетін қызметті беруден бас тарту туралы дәлелді бас тарту – мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі болып табылады.
  3. Жұмыс кестесі:
  • көрсетілетін қызметті беруші – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс (жексенбі) және мереке күндерінен басқа, дүйсенбі – сенбі аралығында (дүйсенбі – жұма – үзіліссіз сағат 8.00-ден бастап 20.00-ге дейін, сенбі – сағат 9.00-ден 14.00-ге дейін);
  • ХҚКО-нда белгіленген жұмыс режімінне сәйкес;
  • портал – тәулік бойы (жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда).
  1. Көрсетілетін қызметті алушы (не сенімхат бойынша оның өкілі) өтініш берген кезде мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі:
  • көрсетілетін қызметті берушіге немесе ХҚКО-на:

осы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарты  көрсету қосымшасына сәйкес бекітілген нысанда өтініш;

сәйкестендіру үшін жеке басын куәландыратын құжат

психологиялық аурудың болмауы туралы анықтама.

  • порталға:

Осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына қосымшаға  сәйкес көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сымен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы өтініш.

 

  1. Мемлекеттік қызметті көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі

 

  1. Мемлекеттік қызметті көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану: шағым осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 12-тармағындакөрсетілген мекенжай не 010000, Астана қаласы, Орынбор көшесі, 8-үй, Министрліктер үйі, № 5 кіреберіс мекенжайы бойынша көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрлік басшысының атына беріледі.

5.

Шағым почта арқылы жазбаша нысанда немесе қолданыстағы заңнамада көзделген жағдайларда электрондық түрде не көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің кеңсесі арқылы қолма-қол қабылданады.

Шағымды қабылдаған адамның тегі мен аты-жөні, берілген шағымға жауап алу мерзімі мен орны (мөртаңба, кіріс нөмірі мен күні) көрсетіле отырып, шағымның тіркелуі, көрсетілетін қызметті берушінің, немесе Министрліктің кеңесінде оның қабылданғанын растау болып табылады. Шағым тіркелгеннен кейін жауапты орындаушыны айқындау және тиісті шаралар қабылдау үшін көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің басшысына жіберіледі.
Көрсетілетін қызметті берушінің атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап бес жұмысы күні ішінде қаралуға жатады. Көрсетілетін қызметті берушіге шағымды қарау нәтижелері туралы дәлелді жауап почта арқылы жіберіледі не көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесіне қолма-қол беріледі.
Портал арқылы өтініш берген кезде шағымдану тәртібі туралы ақпаратты 8-800-080-7777, 1414 телефоны арқылы мемлекеттік қызмет көрсету мәселесі жөніндегі бірыңғай байланыс-орталығы арқылы алуға болады.

Электрондық өтініш портал арқылы жіберілген кезде көрсетілетін қызметті алушыға «жеке кабинетінен» өтініш туралы ақпарат қолжетімді болады, ол көрсетілетін қызметті берушінің шағымды өңдеуі барысында (жеткізу, тіркеу, орындау туралы белгі, шағымды қарау немесе қараудан бас тарту туралы жауап) жаңартылып отырады.

Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілген қызметті алушы мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағыммен жүгіне алады.
Мемлекеттік қызметтер көрсетудің сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілген қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралады.

  1. Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайда көрсетілген қызметті алушы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқылы.

 

  1. Мемлекеттік, оның ішінде электрондық нысанда көрсетілетін қызметті көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып қойылатын өзге де талаптар

 

  1. Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары Министрліктің mzsr.gov.kz интернет-ресурсында «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер» бөлімінде орналастырылған.
  2. Көрсетілген қызметті алушының ЭЦҚ болған кезде мемлекеттік көрсетілетін қызметті портал арқылы электрондық нысанда алуға мүмкіндігі бар.
  3. Көрсетілген қызметті беруші мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты қашықтықтан қол жеткізу режимінде порталдағы «жеке кабинеті», сондай-ақ мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс-орталығы арқылы ала алады.
  4. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі анықтамалық қызметтің байланыс телефондары Министрліктің www. mzsr.gov.kz интернет-ресурсында көрсетілген, Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс-орталығы: 8-800-080-7777, 1414.

 

 

«Қайтыс болғаннан кейін тіндерді (тіннің бөлігін)

және (немесе) ағзаларды (ағзалардың бөлігін)

транспланттау мақсатында оларды тірі кезінде

ерікті түрде құрбандық етуді тіркеу»

мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандартына

қосымша

 

 

Қайтыс болғаннан кейін тіндерді (тіннің бөлігін) және (немесе)
ағзаларды (ағзалардың бөлігін) транспланттау мақсатында оларды
тірі кезінде ерікті түрде құрбандық етуге келісуді тіркеу үшін

өтініш

 

Мен,___________________________________________________________
(азаматтың ТАӘ толығымен)

 

Туған күні 19___жылғы ___________ «____»

ЖСН_____________________________________

________________________________________________________________
(жеке басын куәландыратын құжат: №, кім және қашан берген)

 

Болуы ықтимал нұсқалардың бірін таңдаңыз:
1. Иә, менің қайтыс болғандығым туралы факті қойылған жағдайда менің кез келген ішкі ағзаларым мен тіндерімді транспланттау үшін алуға болатындығын растаймын.
2. Барлық ағзаларды алуға болады, мынадан басқасы ________________________________________________________________
3. Тек қана мынаны алуға болады_______________________________

 

  1. Жоқ, алуға болмайды_______________________________________

 

 

___________________________ /_________/
Т.А.Ж.                                  қолы

20 __ жылғы «___» _____________
(қол қойылған күн)