+7 (7262) 46-61-90
(регистратура)
+7 (7262) 56-16-30
(служба поддержки пациентов)
+7 (7262) 46-62-84
(приемная)
Тараз қаласы

«Алдын ала міндетті медициналық қарап тексеруден өту» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті

 

ЖОБА

 

Жамбыл  облысы әкімдігінің

2017 жылғы «   »               №    қаулысымен бекітілген

 

«Алдын ала міндетті медициналық қарап тексеруден өту» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті

 

 

  1. Жалпы ережелер

 

  1. «Алдын ала міндетті медициналық қарап тексеруден өту» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 27 сәуірдегі № 272 «Денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы» (нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2015 жылы 11 маусымда № 11304 тіркелген) бұйрығымен бекітілген «Алдын ала міндетті медициналық қарап тексеруден өту» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына (бұдан әрі – стандарт) сәйкес Жамбыл облысының медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсететін медициналық ұйымдарымен (бұдан әрі – қызметті беруші) көрсетіледі.
  2. Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік көрсетілетін қызметтің  нәтижелерін беру  қызметті  беруші  арқылы  жүзеге  асырылады.

Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нысаны: қағаз түрінде.

  1. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі – «көрсетілетін қызметті берушінің бірінші басшысы қол қойған немесе көрсетілетін қызметті берушінің бірінші басшысының электронды сандық қолтаңбасымен куәландырылған «Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушысының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен бекітілген № 086/е нысан бойынша көрсетілетін қызметті берушінің анықтамасы (бұдан әрі – анықтама).

Бұл ретте көрсетілетін қызметті берушіге тікелей жүгінген кезде  мемлекеттік қызметті көрсетуге сұратуды қабылдағаннан кейін – стандартқа қосымшаға сәйкес нысан бойынша дәрігердің қабылдау күні, уақыты көрсетілген, рентгенологиялық (флюорографиялық) зерттеп-қарау және зертханалық зерттеп-қарау дәрігерлерінің қабылдау кестесіне (бұдан әрі – кесте) сәйкес талон беріледі;

Көрсетілетін қызметті берушіге тікелей жүгінген кезде рентгенологиялық (флюорографиялық) зерттеп-қарау және зертханалық зерттеп-қарау дәрігерлерінің бос уақытын таңдау мүмкіндігі ұсынылады.

  1. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде құрылымдық бөлімшелер (қызметкерлер) мен көрсетілетін қызметті берушінің іс-қимыл тәртібін сипаттау

 

 

  1. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету бойынша рәсімдерді (әрекеттерді) бастауға негіздеме болып стандарттың 7-тармағының 2-тармақшасына сәйкес көрсетілетін қызметті алушының құжаты мен мемлекеттік қызметті көрсету үшін төленген түбіртек (бұдан әрі – құжаттар) болып табылады.
  2. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету процесінің құрамына кіретін әрбір рәсімнің (әрекеттердің) мазмұны, оны орындау ұзақтығы:

1) дәрігер терапевт қызметті алушыны медициналық тексеруден соң, стандартқа қосымшаға сәйкес нысан бойынша дәрігердің қабылдау күні, уақыты көрсетілген, рентгенологиялық (флюорографиялық) зерттеп-қарау және зертханалық зерттеп-қарау дәрігерлерінің қабылдау кестесіне (бұдан әрі – кесте) сәйкес талон береді – орындау  уақыты 15 (он бес) минут;

2)  қызметті алушы бейінді мамандар, рентгенологиялық (флюорографиялық) зерттеп-қарау және зертханалық зерттеп-қараудан өтеді – орындау  уақыты 23 (жиырма үш) сағат;

3) дәрігер терапевт бейінді мамандар, рентгенологиялық (флюорографиялық) зерттеп-қарау және зертханалық зерттеп-қараудан өту нәтижелерімен танысқаннан кейін, амбулаторлық пациенттің Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен (Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде № 6697) тіркелді бекітілген 025/е нысан бойынша медициналық картасына «дені сау» немесе «сауықтыруды қажет етеді» деген қызметті алушының денсаулық жағдайы туралы қортындыны рәсімдейді – орындау  уақыты 15 (он бес) минут;

4) дәрігерлік сараптама комиссиясының төрағасы дәрігер терапевттің жазбасымен танысқаннан кейін, қызметті алушының орындайтын жұмысқа денсаулық жағдайының сәйкестігі немесе сәйкессіздігі туралы қорытындыны ресімдейді – орындау уақыты 15 (он бес) минут;

5) көрсетілетін қызметті берушінің бірінші басшысы қолы және қызметті берушінің мөрін қойған анықтаманы қызметті алушыға ұсынады – орындау уақыты 15 (он бес) минут.

  1. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету бойынша рәсімнің (әрекеттің) нәтижесі мынадай рәсімді (әрекетті) орындауды бастау үшін негіз болады:
  • дәрігер терапевттің дәрігердің қабылдау күні, уақыты көрсетілген, рентгенологиялық (флюорографиялық) зерттеп-қарау және зертханалық зерттеп-қарау дәрігерлерінің қабылдау кестесіне сәйкес талон беруі;
  • бейінді мамандар, рентгенологиялық (флюорографиялық) зерттеп-қарау және зертханалық зерттеп-қараудан өтуі;
  • дәрігер терапевттің қортындыны рәсімдеуі;
  • дәрігерлік сараптама комиссиясының төрағасының қортындыны рәсімдеуі;
  • анықтамаға бірінші басшысының қолы және қызметті берушінің басшылығының мөрін қоюы.

 

 

  1. Мемлекеттік қызметтерді көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-қимылы тәртібін сипаттау

 

  1. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету процесіне қатысатын қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) тізбесі:

1) дәрігер терапевт;

2) бейінді мамандар, рентгенологиялық (флюорографиялық) зерттеп-қарау және зертханалық зерттеп-қараудан кабинеттерінің қызметкерлері;

3) дәрігерлік сараптама комиссиясының  төрағасы;

3) қызметті беруші бірінші басшысы.

  1. Қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелері арасындағы рәсімдердің (әрекеттердің) дәйектілігін сипаттау:

1) дәрігер терапевт қызметті алушыны медициналық тексеруден соң, стандартқа қосымшаға сәйкес нысан бойынша дәрігердің қабылдау күні, уақыты көрсетілген, рентгенологиялық (флюорографиялық) зерттеп-қарау және зертханалық зерттеп-қарау дәрігерлерінің қабылдау кестесіне (бұдан әрі – кесте) сәйкес талон береді – орындау  уақыты 15 (он бес) минут;

2)  қызметті алушы бейінді мамандар, рентгенологиялық (флюорографиялық) зерттеп-қарау және зертханалық зерттеп-қараудан өтеді – орындау  уақыты 23 (жиырма үш) сағат;

3) дәрігер терапевт бейінді мамандар, рентгенологиялық (флюорографиялық) зерттеп-қарау және зертханалық зерттеп-қараудан өту нәтижелерімен танысқаннан кейін, амбулаторлық пациенттің Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен (Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде № 6697) тіркелді бекітілген 025/е нысан бойынша медициналық картасына «дені сау» немесе «сауықтыруды қажет етеді» деген қызметті алушының денсаулық жағдайы туралы қортындыны рәсімдейді – орындау  уақыты 15 (он бес) минут;

4) дәрігерлік сараптама комиссиясының төрағасы дәрігер терапевттің жазбасымен танысқаннан кейін, қызметті алушының орындайтын жұмысқа денсаулық жағдайының сәйкестігі немесе сәйкессіздігі туралы қорытындыны ресімдейді – орындау уақыты 15 (он бес) минут;

5) көрсетілетін қызметті берушінің бірінші басшысы қолы және қызметті берушінің мөрін қойған анықтаманы қызметті алушыға ұсынады – орындау уақыты 15 (он бес) минут.

  1. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде рәсімдердің (іс-қимылдардың) ретін, көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-қимылдарының сипаттамасы осы регламенттің қосымшасына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығында көрсетіледі. Мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығы Жамбыл облысы әкімдігінің zhambyl.gov.kz ресми сайтында және «Жамбыл облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің http://densaulyk.zhambyl.kz интернет-ресурсында орналастырылады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

«Алдын ала міндетті медициналық қарап тексеруден өту» мемлекеттік

көрсетілетін қызмет регламентiне  қосымша

 

«Алдын ала міндетті медициналық қарап тексеруден өту» мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығы

 

Көрсетілетін қызметті берушінің бірінші басшысы
Бейінді мамандар, рентгенологиялық (флюорографиялық) зерттеп-қарау және зертханалық зерттеп-қарау кабинеттерінің қызметкерлері
Дәрігер

терапевт

 

 

Қызметті

алушы

 

 
бейінді мамандар, рентгенологиялық (флюорографиялық) зерттеп-қарау және зертханалық зерттеп-қараудан өтеді – орындау  уақыты

23 (жиырма үш) сағат

анықтамаға қолы және қызметті берушінің мөрін қояды – орындау уақыты

15 (он бес) минут

қызметті алушыны медициналық тексеруден соң, стандартқа қосымшаға сәйкес нысан бойынша дәрігердің қабылдау күні, уақыты көрсетілген, рентгенологиялық (флюорографиялық) зерттеп-қарау және зертханалық зерттеп-қарау дәрігерлерінің қабылдау кестесіне сәйкес талон береді – орындау  уақыты 15 (он бес) минут
дәрігер терапевттің жазбасымен танысқаннан кейін, қызметті алушының орындайтын жұмысқа денсаулық жағдайының сәйкестігі немесе сәйкессіздігі туралы қорытындыны ресімдейді – орындау уақыты

15 (он бес) минут

бейінді мамандар, рентгенологиялық (флюорографиялық) зерттеп-қарау және зертханалық зерттеп-қараудан өту нәтижелерімен танысқаннан кейін, амбулаторлық пациенттің Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен бекітілген 025/е нысан бойынша медициналық картасына «дені сау» немесе «сауықтыруды қажет етеді» деген қызметті алушының денсаулық жағдайы туралы қортындыны рәсімдейді – орындау  уақыты

15 (он бес) минут

ия
Дәрігерлік сараптама комиссиясының төрағасы
жоқ
ия

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін беру

 

жоқ

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Шартты белгілер:

 

 

– мемлекеттік көрсетілетін қызмет көрсетудің басталуы немесе аяқталуы;

 

– қызметті алушы рәсімінің (іс-қимылының) атауы;

 

 

– таңдау нұсқасы;

 

– келесі рәсімге (іс-қимылға) өту.