+7 (7262) 46-61-90
(регистратура)
+7 (7262) 56-16-30
(служба поддержки пациентов)
+7 (7262) 46-62-84
(приемная)
Тараз қаласы

«Алдын ала міндетті медициналық қарап-тексеруден өту» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

  Міндетті медициналық қарап-
тексерулерді жүргізу
қағидалары мен мерзімділігі
және «Алдын ала міндетті
медициналық қарап-
тексерулерден өткізу»
мемлекеттік қызметін көрсету
қағидаларына
5-қосымша
«Алдын ала міндетті медициналық қарап-тексеруден өту» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
1 Көрсетілетін қызметті берушінің атауы Көмек көрсететін медициналық ұйым (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші)
2 Мемлекеттік көрсетілетін қызметті ұсыну тәсілдері Құжаттарды қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін беру көрсетілетін қызметті беруші арқылы жүзеге асырылады.
3 Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі Құжаттарды күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 1 жұмыс күні
4 Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны Қағаз түрінде.
5 Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі  «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 7 шілдедегі Кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 7-бабының 31) тармақшасына сәйкес бекітілетін нысан бойынша көрсетілетін қызметті берушінің медициналық анықтамасы
6 Мемлекеттік қызметті көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері  Ақылы негізде, мемлекеттік қызметті көрсету құны Кодекстің 202-бабына сәйкес айқындалады.
7 Жұмыс кестесі Көрсетілетін қызметті берушінің белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбіден бастап жұма аралығында.
8 Мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі 1) жеке басын куәландыратын құжат (жеке басын сәйкестендіру үшін талап етіледі);
2) мемлекеттік қызметті көрсету үшін ақы төленгенін растайтын құжат.
9 Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсетуден бас тарту үшін негіздер 1) мемлекеттік қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттардың және (немесе) оларда қамтылған деректердің (мәліметтердің) дәйексіздігінің анықталуы;
2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, объектілердің, деректер мен мәліметтердің осы Қағидаларда белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі.
10 Мемлекеттік қызметті көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып, қойылатын өзге де талаптар Көрсетілетін қызметті берушіге тікелей жүгінген кезде көрсетілетін қызметті беруші бекіткен дәрігерлердің жұмыс кестесіне сәйкес дәрігерлердің бос уақытын, рентгенологиялық (флюорографиялық) тексеру мен зертханалық зерттеулерді таңдау мүмкіндігі беріледі.
Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы: 8-800-080-7777, 1414.