+7 (7262) 46-61-90
(регистратура)
+7 (7262) 56-16-30
(служба поддержки пациентов)
+7 (7262) 46-62-84
(приемная)
Тараз қаласы

«Емдеуге жатқызу бюросы порталы арқылы пациенттергестационарға емделуге жатқызуға жолдама беру»мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

  Қазақстан Республикасында
стационарлық көмек
көрсету қағидаларына
14-қосымша
 
«Емдеуге жатқызу бюросы порталы арқылы пациенттергестационарға емделуге жатқызуға жолдама беру»мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
1 Қызмет берушінің атауы Денсаулық сақтау субъекті (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші)
2 Мемлекеттік қызметті ұсыну тәсілдері 1) қызмет беруші;
2) «электрондық үкіметтің» веб-порталы www.egov.kz (бұдан әрі – портал)
3 Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі 1 жұмыс күні ішінде;
Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі 1 күн ішінде, тапсыру уақыты – 30 минут.
4 мемлекеттік қызметті көрсету нысаны электрондық және қағаз түрінде
5 Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі 1) 001-3 / е нысаны бойынша берілген стационарға емдеуге жатқызуға жолдама;
6 Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде қызметті алушыдан алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері тегін
7 Жұмыс кестесі 1) көрсетілетін қызметті берушінің жұмыс кестесі – дүйсенбіден сенбіге дейін (дүйсенбі – жұма сағат 8.00-ден 20.00-ге дейін үзіліссіз, сенбі сағат 9.00- ден 14.00-ге дейін.
2) портал – жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген кезде).
8 Мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі көрсетілетін қызметті берушіге:
1) тікелей жүгінген кезде сәйкестендіру үшін жеке басын куәландыратын құжат;
2) медициналық-санитариялық алғашқы көмек немесе медициналық ұйым мамандарының жолдамасы;
3) бағытталған диагноз бойынша клиникалық-диагностикалық зерттеулердің нәтижелері (диагноз қою және емдеудің клиникалық хаттамаларына сәйкес)
9 Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер 1) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) анық еместігін анықтауы
2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, объектілердің, деректер мен мәліметтердің Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актісінде белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі.
10 Мемлекеттік қызмет көрсетудің ерекшеліктерін ескере отырып қойылатын өзге де талаптар Көрсетілетін қызметті берушінің мемлекеттік қызметтер бойынша бірыңғай байланыс-орталығының 8-800-080-7777, 1414 телефоны бойынша ақпарат алу мүмкіндігі бар.
   

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қазақстан Республикасында
стационарлық көмек
көрсету қағидаларына
15-қосымша

 
«Емдеуге жатқызу бюросы порталы арқылы тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде пациенттерге стационарға емдеуге жатқызуға жолдама беру»
1 Көрсетілетін қызметті берушінің атауы стационарлық көмек көрсететін медициналық ұйым (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші)
2 Мемлекеттік қызметті ұсыну тәсілдері 1) көрсетілетін қызметті беруші;
2) www.egov.kz «электрондық үкімет» веб-порталы (бұдан әрі – портал)
3 Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі 1) құжаттарды тапсыру үшін күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 30 (отыз) минут;
2) қызмет алушыға қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – үзінді көшірме берілген сәттен бастап 60 (алпыс) минут.
Мемлекеттік көрсетілетін қызмет көрсетілетін қызметті берушіге тікелей жүгінген кезде жүгінген күні көрсетіледі. Бұл ретте мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуға сұрау салу көрсетілетін қызметті берушінің жұмысы аяқталғанға дейін 2 сағат бұрын қабылданады (жұмыс күндері сағат 18.00-ге дейін)
4 Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны  электрондық және (немесе) қағаз түрінде (ішінара автоматтандырылған)
5 Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі  1) көрсетілетін қызметті берушіге тікелей жүгінген кезде – нысан бойынша стационарлық науқастың медициналық картасынан қағаз түрінде үзінді.
2) порталға жүгінген кезде электрондық форматта – жеке кабинетте электрондық өтінім мәртебесі түрінде хабарлама
6 Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде қызметті алушыдан алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері тегін
7 Жұмыс кестесі 1) көрсетілетін қызметті беруші – демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, үзіліссіз сағат 8.00- ден 17.00-ге дейін .
Көрсетілетін қызметті алушыларды қабылдау кезек тәртібімен жүзеге асырылады. Алдын ала жазылу және жедел қызмет көрсету қарастырылмаған.
2) портал – жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда тәулік бойы ( (көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген кезде).
8 Мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі көрсетілетін қызметті берушіге:
1) тікелей жүгінген кезде жеке басын сәйкестендіру үшін жеке басын куәландыратын құжат;
9  Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер
10 Мемлекеттік қызмет көрсетудің ерекшеліктерін ескере отырып қойылатын өзге де талаптар  Көрсетілетін қызметті берушінің мемлекеттік қызметтер бойынша бірыңғай байланыс-орталығының 8-800-080-7777, 1414 телефоны бойынша ақпарат алу мүмкіндігі бар.
   

 

 

 

 

Қазақстан Республикасында
стационарлық көмек
көрсету қағидаларына
16-қосымша

 
«Санаторийлік-курорттық емдеу қажеттілігі туралы қорытынды беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
1 Қызмет берушінің атауы облыстардың, Нұр – Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының жергілікті атқару органдары (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші)
2 Мемлекеттік қызметті ұсыну тәсілдері медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсететін медициналық ұйым
3 Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге құжаттарды берген сәттен бастап – 1 жұмыс күні ішінде;
көрсетілетін қызметті алушының көрсетілетін қызметті берушіге мәліметтерді тапсырудың ең жоғары рұқсат етілген уақыты – 30 минут;
қызмет көрсетудің ең жоғары рұқсат етілген уақыты – 1 жұмыс күн ішінде.
4 Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны қағаз түрінде
5 Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі 072/е нысаны бойынша берілген санаторийлік-курорттық карта
6 Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде қызметті алушыдан алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері тегін
7 Жұмыс кестесі  көрсетілетін қызметті берушінің жұмыс кестесі – демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, сағат 13.00- ден 14.30-ға дейін түскі үзіліс уақыты бар сағат 9.00- ден 18.30-ға дейін.
8 Мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі  1) еркін нысандағы өтініш;
2) тікелей жүгінген кезде сәйкестендіру үшін жеке басын куәландыратын құжат;
3) бағытталған диагноз бойынша клиникалық-диагностикалық зерттеулердің нәтижелері (диагноз қою және емдеудің клиникалық хаттамаларына сәйкес)
9 Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер 1) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) анық еместігін анықтауы
2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) ұсынылған материалдардың, объектілердің, деректер мен мәліметтердің Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі.
10 Өзге де талаптар мемлекеттік қызметті көрсету ерекшеліктері ескерілген  Көрсетілетін қызметті берушінің мемлекеттік қызметтер бойынша бірыңғай байланыс-орталығының 8-800-080-7777, 1414 телефоны бойынша ақпарат алу мүмкіндігі бар.

© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК