«Көлік құралын басқаруға рұқсат алу туралы анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
Қағидаларға қосымша |
«Көлік құралын басқаруға рұқсат алу туралы анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
«Көлік құралын басқаруға рұқсат алу туралы анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет | ||
1 | Қызмет берушінің атауы | Медициналық ұйымдар |
2 | Мемлекеттік көрсетілетін қызметті ұсыну тәсілдері | Құжаттарды қабылдау және мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету нәтижелерін беру көрсетілетін қызметті беруші арқылы жүзеге асырылады |
3 | Мемлекеттік көрсетілетін қызмет көрсету мерзімі | Құжаттарды күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты-1 жұмыс күні |
4 | Мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету нысаны | Қағаз түрінде |
5 | Мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету нәтижесі | «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы 2020 жылғы 7 шілдедегі Кодексі 7-бабының 31) тармақшасына сәйкес көлік құралын басқаруға рұқсат алу туралы анықтама беріледі |
6 | Мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері | ақылы түрде, мемлекеттік қызмет көрсету құны «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 7 шілдедегі Кодексінің 202-бабына сәйкес айқындалады. |
7 | Жұмыс кестесі | Көрсетілетін қызметті берушінің белгіленген жұмыс тәртібіне сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбіден жұмаға дейін |
8 | Мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі | 1) жеке басын куәландыратын құжат (жеке басын сәйкестендіру үшін талап етіледі); 2) Көлік құралдарын басқару құқығын алуға үміткер адамдарға медициналық қарап – тексеруді жүргізу қағидаларына сәйкес медициналық қарап – тексеру нәтижелері; 3) мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету үшін төлемді растайтын құжат. |
9 | Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсетуден бас тарту үшін негіздер | 1) көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) анық еместігін анықтау; 2) көрсетілген қызметті алушының осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 8-тармағында көзделген тізбеге сәйкес құжаттардың толық топтамасын ұсынбауы және қолданылу мерзімі өткен құжаттарды ұсынуы; 3) көрсетілетін қызметті алушының осы Қағидалардың талаптарына сәйкес келмеуі. |
10 | Мемлекеттік қызметті көрсету ерекшеліктері ескерілген өзге де талаптар | Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы: 8-800-080-7777, 1414. |