+7 (7262) 46-61-90
(регистратура)
+7 (7262) 56-16-30
(служба поддержки пациентов)
+7 (7262) 46-62-84
(приемная)
Тараз қаласы

  «Қазақстан Республикасының азаматтарын бюджет қаражаты есебінен шетелге емделуге жіберу мүмкіндігіне құжаттарды қабылдау және қарау»мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

  Қазақстан Республикасының
азаматтарын бюджет қаражаты
есебінен шетелге емделуге
жіберу қағидаларына
2-қосымша
  нысан

 

«Қазақстан Республикасының азаматтарын бюджет қаражаты есебінен шетелге емделуге жіберу мүмкіндігіне құжаттарды қабылдау және қарау»мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

 

1 2 3
1 Көрсетілетін қызметті берушінің атауы Облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының жергілікті атқарушы органдары (ЖАО).
2 Мемлекеттік қызметті ұсыну тәсілдері Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру денсаулық сақтау субъектілері арқылы жүзеге асырылады.
3 Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі:
Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге мәліметтерді тапсырған сәттен бастап – 2 (екі) жұмыс күні ішінде;
Көрсетілетін қызметті алушының көрсетілетін қызметті берушіге мәліметтерді тапсыруының рұқсат етілген ең ұзақ уақыты-30 (отыз) минут;
Қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 2 (екі) жұмыс күні ішінде.
4 Мемлекеттік қызмет көрсетудің нысаны Қағаз түрінде
5 Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі осы Ережедегі 1-қосымшаға сәйкес пациентті бюджет қаражаты есебінен шет елге емделуге жіберу туралы республикалық денсаулық сақтау ұйымының қорытындысы.
6 Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері Мемлекеттік қызмет жеке тұлғаларға тегін көрсетіледі.
7 Жұмыс кестесі  Көрсетілетін қызметті берушінің жұмыс кестесі – 2015 жылдың 23 қарашасындағы Қазақстан Республикасының Еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбі-жұма аралығында сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін.
8 Мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі 1) еркін нысандағы өтініш;
2) жеке басын сәйкестендіру үшін жеке басын куәландыратын құжат;
3) пациенттің ауру тарихынан үзінді (ескіру мерзімі 30 (отыз) жұмыс күнінен аспайды).
9 Қазақстан Республикасының заңнамасында көрсетілген
Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер
1) жеке тұлға мемлекеттік қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) оларда қамтылған деректердің (мәліметтердің) дәйексіздігін анықтау;
2) жеке тұлғаның осы Қағидалардың 3-тармағында көзделген тізбеге сәйкес құжаттардың толық топтамасын және (немесе) қолданылу мерзімі өткен құжаттарды ұсынбауы.
10 Мемлекеттік қызметті, оның ішінде электрондық нысанда және Мемлекеттік корпорация арқылы көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып қойылатын өзге де талаптар Мемлекеттік қызметті көрсету орындарының мекенжайлары Министрліктің интернет-ресурсында орналастырылған. dsm. gov. kz «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер» бөлімі.
Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі анықтамалық қызметтердің байланыс телефондары Министрліктің интернет-ресурсында көрсетілген. dsm. gov. kz мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы: 8-800-080-7777, 1414.