+7 (7262) 46-61-90
(регистратура)
+7 (7262) 56-16-30
(служба поддержки пациентов)
+7 (7262) 46-62-84
(приемная)
Тараз қаласы

2015 ж. 10 тамыз №193 Тараз қаласы Денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы

2015 ж. 10 тамыз
№193

Тараз қаласы

Денсаулық сақтау саласындағы
мемлекеттік көрсетілетін
қызметтер регламенттерін
бекіту туралы

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына және «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі Заңына сәйкес Жамбыл облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған:
1)«Дәрігерді үйге шақыру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті;
2)«Дәрігердің қабылдауына жазылу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті;
3)«Алғашқы медициналық-санитариялық көмек көрсететін медициналық ұйымдарға тіркелу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті;
4) «АИТВ-инфекциясының болуына ерікті анонимді және міндетті құпия медициналық тексерілу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті;
5) «Туберкулезге қарсы ұйымнан анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті;
6) «Психоневрологиялық ұйымнан анықтама беру» мемлекеттіккөрсетілетін қызметрегламенті;
7) «Наркологиялық ұйымнан анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметрегламенті;
8) «Стационарлық науқастың медициналық картасынан үзінді көшірме беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті;
9)«Медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсететін медициналық ұйымнан анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті;
10)«Медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсететінмедициналық ұйымнанеңбекке уақытша жарамсыздық парағын беру»мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті;
11) «Медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсететін медициналық ұйымнанеңбекке уақытша жарамсыздық туралы анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті бекітілсін.
2. «Жамбыл облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы»коммуналдық мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін;
2) осы қаулының мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін он күнтізбелік күн ішінде оны ресми жариялауға мерзімді баспа басылымдарына және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесіне жіберуді;
3) осы қаулының Жамбыл облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. «Денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерінбекіту туралы» Жамбыл облысы әкімдігінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы №370 қаулысының (Нормативтiк құқықтық актiлердiң мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде №2480 болып тiркелген, 2015 жылдың 7 ақпанында №15-16(18049-18050) «Ақ жол» газетiнде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Е.Манжуовқа жүктелсін.
5. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттiк тiркелген күннен бастап күшiне енедi және оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Облыс әкімі К. Көкрекбаев