+7 (7262) 46-61-90
(регистратура)
+7 (7262) 56-16-30
(служба поддержки пациентов)
+7 (7262) 46-62-84
(приемная)
Тараз қаласы

ПАЦИЕНТТЕРДІ ҚОЛДАУ ЖӘНЕ ІШКІ АУДИТ ҚЫЗМЕТІ

Пациенттерді қолдау және ішкі аудит қызметі (аудит) «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 209 жылғы 18 қыркүйектегі №193-1V кодексі, «Жеке және заңды тұлғалардың өтінімдерін қарау тәртібі туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы №221 заңы, «Медициналық қызметтер сапасына іштей және сырттай сараптама жүргізуді ұйымдастыру ережесі» ҚР Үкіметінің 23.12.2011 ж. №1577 Қаулысы негізінде пациенттер құқығын қорғау мен оларға қолдау жасау, сапалы медициналық көмек көрсету мақсаттарында құрылады.

  1. Қызметтің мақсатыпациенттердің құқығын жүзеге асыру мен қолдау көрсетуді қамтамасыз ету болып табылады.

Қызмет адам мен азаматтардың құқығы мен еркіндігі басымдықтары, әділдік, адамгершілік, теңдік мен азаматтардың тең құқылы болуы қағидаттарына негізделген.

Пациенттерді қолдау және ішкі бақылау қызметі келесі бағыттарда медициналық көмек сапасын басқару бойынша ұйымның қызметін үйлестіреді:

1) пациенттердің проблемаларын (шағымдарын) дер кезінде, 5 күнтізбелік күннен аспайтын мерзімде шешу, пациенттерге сауалнама жүргізе арқылы медициналық көмек деңгейі мен сапасына қанағаттану дәрежесін зерттеу;

2) кадрлық және материалдық-техникалық ресурстардың жағдайы мен пайдалану тиімдңлңгңн бағалау;

3) пациенттерге медициналық көмек көрсету технологияларын денсаулық сақтау саласында бекітілген стандарттарға сәйкестігін бағалай және комиссиялық бағалауға жататын жағдайларды іріктеу;

4) тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін көрсету ережелерін сақтау;

5) жұмыс барысындағы кемшіліктердің алдын алу мен жоюға бағытталған, медициналық көмектің сапасы мен тиімділігін арттыруға ықпал ететін бағдарламалық іс-шараларды әзірлеу.

Қызметтің міндеттері:
1) денсаулық сақтау ұйымының жеке үдерістері мен процедураларын бағалау бойынша құрылымдық бөлімшелер қызметінің тиімділігін, денсаулық сақтау саласына стандарттарды енгізуді, ішкі индикаторларды талдау;

2) ауруханаішілік комиссияның қызметін талдау;

3) денсаулық сақтау ұйымының басшылығына талдау нәтижесінде анықталған проблемалар туралы ақпаратты тиісті басқару шешімдерін қабылдау үшін ұсыну.

4) медициналық көмек сапасын қамтамасыз ету мәселелері бойынша денсаулық сақтау ұйымының қызметкерлерін оқыту мен әдістемелік көмек көрсету;

5) денсаулық сақтау ұйымы қызметкерлерінің пікірлерін зерделеу және ұйымда пациенттердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мен көмек көрсету сапасын жақсарту іс-шаралары туралы ақпараттар беру;

6) пациенттердің медициналық қызметтер сапасына қатысты өтініштерін қарау.

Пациенттердің өтініштері

Пациенттердің проблемаларын (шағымдарын) туындауына байланысты дер кезінде және 5 күнтізбелік күннен аспайтын мерзімде пациенттің қанағаттану дәрежесін зерделеу отырып шешу.

Өтінішке өтініш беруші қолтаңбасы болуы қажет. Шағым беру кезінде іс-әрекетіне шағымданатын субъектінің атауы немесе лауазымды тұлғаның лауазымы, тегі мен аты, шағымдану мен талаптану себептері көрсетіледі.

Келіп түскен шағым Пациенттерді қолдау қызметіне қабылданған күннен бастап үш жұмыс күні мерзімінде ол туралы өтініш беруші хабарлай отырып, жолданады.

  1. Өтінішті қарау үшін өзге тұлғалардан ақпарат алу талап етілмейтін жеке және (немесе) заңды тұлғалардың жүгінулері Пациенттерді қолдау қызметіне келіп түскеннен бес күнтізбелік күннен аспайтын мерзімде қаралады.
  2. Өтінішті қарау үшін өзге тұлғалардан ақпарат алу, не болмаса сол орынға барып тексеру талап етілмейтін пациенттің шағымы келіп түскен күннен бастап он күнтізбелік күн ішінде қаралады және сол бойынша шешім қабылданады.
  3. Қосымша зерделеу мен тексеру жүргізу қажет болған жағдайларда өтінішті қарау мерзімі отыз күнтізбелік күннен астам мерзімге созылады, ол туралы өтініш берушіге қарау мерзімі ұзартылған күннен бастап үш күнтізбелік күн ішінде хабарланады.
  4. Шағымдар бойынша қарау мерзімін директор (бас дәрігер) немесе оның орынбасары ұзартады.

Шағымдарды қарау

Өтініштерді қарау кезінде Ішкі бақылау қызметінің (аудит) қызметкерлері жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін әділ, жан-жақты және дер кезінде қарастыруды қамтамасыз етеді. Жеке және заңды тұлғалардың бұзылған құқықтары мен еркіндіктерін қалпына келтіруге бағытталған іс-шаралар қолданылады.

Ішкі бақылау қызметінің (аудит) қызметкерлері өтініштерді қарау кезінде тексеру үшін қажетті ұсынылған ақпаратарды жинауға және нақтылығына жауапты болады.

Шағымдарды қарау жауапкершілігі медицина ұйымының Пациенттерді қолдау және ішкі бақылау (аудит) қызметіне, медициналық қызметтер сапасы жөніндегі директордың орынбасарына, стационардық бас дәрігеріне, емхананың бас дәрігерінің емдеу жұмысы жөніндегі орынбасары мен бөлімше меңгерушілеріне жүктелген.