+7 (7262) 46-61-90
(регистратура)
+7 (7262) 56-16-30
(служба поддержки пациентов)
+7 (7262) 46-62-84
(приемная)
Тараз қаласы

ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ-ӘЛЕУМЕТТІК КӨМЕК

ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ-ӘЛЕУМЕТТІК КӨМЕК

Денсаулық сақтау жүйесіндегі әлеуметтік қызметкерлер мен психологтар

көрсететін қызметтер тізбесі

«Саламатты Қазақстан» Қазақстан Республикасының 2011-2015 жылдарға арналған денсаулық сақтауды дамытудың мемлекеттік бағдарламасы аясында медициналық көмекті жақсарту мен халыққа арнайы әлеуметтік және психологиялық қызмет көрсету үшін 2011 жылдың қаңтарынан бастап денсаулық сақтау ұйымдарының штатына әлеуметтік қызметкерлер мен психологтар енгізілді.

Арнайы әлеуметтік қызметтер – әлеуметтік қызмет кер өмірлік қиын жағдайға ұшыраған тұлғаға немесе отбасына көрсететін, туындаған әлеуметтік проблемаларды еңсеруге арналған жағдайлар жасайтын және олардың қоғам өміріне қатысуына басқа азаматтармен бірдей мүмкіндіктер құруға бағытталған қызметтер кешені.

Әлеуметтік қызметкер көмек көрсетеді:

  1. Пациенттер өз мүмкіндіктерін ашатын және соның негізінде қоғамдағы жаңа өмірге бейімделе алатын жағдайлар жасауға;
  2. Пациентті әлеуметтік қолдау мәселелерін шешуге (жұмысқа орналасуына ықпал ету, бала асырап алуға, қамқорлығына алуға, медициналық-әлеуметтік сараптама жасауға, қарттар мен мүгедектер үйіне, мектеп-интернаттарға жолдауға);
  3. Еңбекті ұйымдастыру мен әлеуметтік қорғау ұйымдарынан мүгедектерге арналған қозғалыс құралдарын,  түрлі протездеу түрлерін алуға көмек көрсету;
  4. Мүмкіндіктері шектеулі тұлғаларды (отбасыларын) өз-өзін күту, тұрмыс пен қоғамдық орындарда өз-өзін ұстау дағдыларын үйрету;
  5. Тұрмыстық зорлыққа шалдыққан тұлғаларға немесе отбасыларға (балаларға, жасөспірімдерге, әйелдер мен ер адамдарға) ықпал ету.

Психологиялық қызметтер – өмірлік қиын жағдайға душар болған тұлғаға немесе отбасына психологиялық ағарту, психологиялық диагностика мен психологиялық профилактика жүргізу арқылы психологиялық қолдау көрсетуге бағытталған қызметтер кешені.

Психолог көмек көрсетеді:

  1. адамды психологиялық қолдау мәселелерін шешуге (жеке проблемаларды шешуге, ұжымдағы өзара қарым-қатынасты, балалармен немесе ата-анамен өзара қарым-қатынасты жақсартуға ықпал ету);
  2. қоғамға бейімделу мен оңалту мақсатында ақпараттық және консультациялық көмек алуға ықпал ету;
  3. халыққа психологиялық түзету және психологиялық алдын алу көмегін ұсыну;
  4. тұлғаның өзіне деген сенімінің, күшінің артуына мүмкіндік беру, ол үшін күрделі жағдайдан шығуға көмектесу.

Денсаулық сақтау ұйымдарындағы әлеуметтік қызметкерлер мен психологтар көрсететін қызметтер туралы толық ақпарат алу үшін учаскелік дәрігерге жүгініңіз.