+7 (7262) 46-61-90
(регистратура)
+7 (7262) 56-16-30
(служба поддержки пациентов)
+7 (7262) 46-62-84
(приемная)
Тараз қаласы

ҚР ШЕТЕЛДІКТЕРГЕ МЕДИЦИНАЛЫҚ КӨМЕК КӨРСЕТУ

Шетел азаматтарының денсаулықты қорғау саласындағы құқықтары қалай реттеледі?

Шетелдіктердің денсаулықты қорғау саласындағы құқықтары келесі нормалармен реттеледі:

  • «Шетелдіктердің құқықтық жағдайы туралы» Қазақстан Республикасының Заңы;
  • «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының Кодексі;
  • «Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердiң азаматтарына медициналық көмек көрсету туралы келiсiмдi және Медициналық қызметтер ұсынудың тәртiбi бөлігiнде Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердiң азаматтарына медициналық көмек көрсету туралы келiсiмдi iске асырудың тетiгі жөнiндегі хаттаманы бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 29 ақпандағы N 320 ҚАУЛЫСЫ;
  • «Көшіп келушілерге медициналық көмек көрсету ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2011 жылғы 30 қыркүйектегі № 665 бұйрығы.

Шетелдік азаматы Қазақстан аумағында медициналық көмек алуға құқылы ма?

«Шетелдіктердің құқықтық жағдайы туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 1-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының аумағында жүріп-тұратын шетел азаматтарына және ҚР азаматтығы жоқ тұлғалар денсаулықты қорғау саласында құқықтарға ие, сонымен бірге Қазақстан Республикасының заңнамаларында және халықаралық шарттарда өзгеше көзделмеген болса, азаматтарға белгіленген міндеттемелер жүктеледі.

ШЕТЕЛДІКТЕР ҮШІН КӨРСЕТІЛЕТІН ТЕГІН МЕДИЦИНАЛЫҚ КӨМЕК КӨЛЕМІ

«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы кодексінің 88-бабының 5-тармағында шетел азаматтары қоршаған ортаға қауіп төндіретін жіті аурулар кезінде, тегін медициналық көмек көрсетудің кепілді көлемін алу құқығы көзделген. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 26 қарашадағы қаулысында бекітілген мұндай аурулар тізбесіне жатады:

  • күл
  • қызылша
  • қызамық
  • көкжөтел
  • жәншау
  • жел шешек
  • эпидемиялық паротит
  • a, b, c паратифтері
  • полиомиелит
  • жіті респираторлық вирусты инфекциялар
  • тұмау
  • менингококкокты инфекция
  • тырысқақ
  • ішсүзек
  • туберкулез
  • сыбыр ойықжарасының өкпе түрі
  • оба
  • геморрагиялық вирусты қызба
  • а, е вирусты гепатит
  • безгек
  • жіті ішек инфекциялар тобы

Шетел азаматына көрсетілетін медициналық көмек түрлері

2000 жылғы 29 ақпанда Қазақстан Республикасы үшін Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердiң азаматтарына медициналық көмек көрсету туралы келiсiм және Медициналық қызметтер ұсынудың тәртiбi бөлігiнде қатысушы мемлекеттердiң азаматтарына медициналық көмек көрсету туралы келiсiм заңды күшіне енді. Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің көшіп келушілерге медициналық көмек көрсету ережесін бекітілді. Осы нормативтік-құқықтық актілерде медициналық көмек көрсету бегліленген:

  • жедел және шұғыл көмек;
  • жоспарлы медициналық көмек.

 

Шетел азаматына жедел және шұғыл медициналық көмек көрсету

Жедел және шұғыл медициналық көмек – өміріне және маңайындағылардың денсаулығына қауіп төндіретін емделушінің физикалық және психикалық денсаулығының бұзылуы кезінде көрсетілетін медициналық қызметтер жиынтығы. Егер, қатысушы-мемлекеттің шетелдік азаматының науқастың өміріне немесе маңайындағылардың денсаулығына қауіп төндіретін, жазатайым оқиға, улану, жарақат алу, босану және жүктілік кезеңінде, күтпеген ауыр жағдайлар мен ауруларда шұғыл жағдайда азаматтарға кедергісіз тегін және толық көлемде кез келген емдеу-алдын-алу мекемелерінде, медициналық сақтандыру полисінің болуы немесе болмауына қарамастан, көмек көрсетіледі. Науқастың өміріне немесе маңайындағылардың денсаулығына төнетін қауіп жойылған соң кейінгі медициналық көмек көрсету азаматтардың, сақтандыру компанияларының, сондай-ақ қайырымдылық жарналар және кәсіпорын, ұйымдардың жәрдемдері есебінен Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамаларына сәйкес, ақылы негізде жүзеге асырылады.

Шетел азаматына жоспарлы медициналық көмек көрсету

Шетел азаматтарына жоспарлы медициналық көмек көрсету – өміріне және маңайындағылардың денсаулығына қауіп төндірмейтін емделушінің физикалық және психикалық денсаулығының бұзылуы кезінде көрсетілетін медициналық қызметтер жиынтығы. ТМД қатысушы-мемлекеттің азаматтарына медициналық көмек көрсету туралы келісімге және көшіп келушілерге медициналық көмек көрсету ережесіне сәйкес, Қазақстан аумағында жүріп-тұратын шетел азаматына жоспарлы түрде медициналық көмек көрсету азаматтардың, сақтандыру компанияларының, сондай-ақ қайырымдылық жарналар және кәсіпорын, ұйымдардың жәрдемдері есебінен ақылы негізде шарттық бағалар немесе қолданыстағы прейскуранттар бойынша өзара есеп айырысуды ұйымдастыру негізінде жүзеге асырылады.