+7 (7262) 46-61-90
(регистратура)
+7 (7262) 56-16-30
(служба поддержки пациентов)
+7 (7262) 46-62-84
(приемная)

Вакцинация-это простой, безопасный и эффективный способ защиты

Қазіргі таңда Тараз қаласының тұрғындарына жаппай вакцинациялау жұмыстарын жүргізуге едәуір үлес қосып, аймақ, өңірлерге мобильді топтарды үйлестіріп, ковидке қарсы екпе жұмыстарын қолға алған мекемелер қатарында Тараз қаласы Рафинадная көшесі 13 мекен-жайда орналасқан, Қант зауыты, Қарасай, Барысхан алқаптары, Тектұрмас, Ақбұлым ауылының тұрғындарына бастапқы медициналық көмек көрсететін №7 қалалық емханасы да бар. Вакцинация жүргізу үшін арнайы оқытылған мобильді топтан құралған медицина қызметкерлері жұмылдырылған.
Вакциналау – адам инфекция қоздырғыштарымен байланысқа түскенге дейін аурудан қорғанудың қарапайым, қауіпсіз және тиімді әдісі. Вакциналау ағзаның табиғи қорғаныс механизмдерін қолдана отырып, көптеген жұқпалы ауруларға төзімділікті арттырады және иммундық жүйеңізді күшейтеді. Вакциналар иммундық жүйені вирус пен бактерияларды тануға, онымен күресуге үйретуге бағытталған. Егер адам ауруға қарсы вакцина алған болса, жұқтыру қаупі төмендейді, демек, ауруды басқаларға таратуы азаяды. Қоғамда неғұрлым көп адамға вакцина егілсе, соғұрлым ауру қоздырғыштың адамнан адамға берілу мүмкіндігі төмендейді. Егер халықтың көп бөлігіне вакцина егілсе, ұжымдық иммунитетке қол жеткізіледі. Бұл жұқпалы аурулардың таралуын бәсеңдетеді. Бірақ ұжымдық иммунитет көп адам вакциналанғанда ғана тиімді болып саналады.
Сіз өзіңізді және айналаңыздағы адамдарды қасіреті мол аурудан қорғап қалам десеңіз міндетті түрде вакцинациядан өтуіңіз қажет. Құрметті тұрғындар, ауырмаудың жолы – «вакцинация» екенін және қазіргі уақыт талабы екенін түсініңіздер!
В настоящее время в числе учреждений, которые внесли значительный вклад в проведении массовой вакцинации населения города Тараз, координируют мобильные группы по регионам и проводят вакцинацию против ковида, оказывающая первичную медицинскую помощь жителям п.Карасай, м. Барысхан, Тектурмас, с.Акбулым. является Городская поликлиника №7 которая находится по адресу: г. Тараз, ул.Рафинадная 13. Для проведения вакцинации задействованы медицинские работники, состоящие из специально обученной мобильной группы.
Вакцинация-это простой, безопасный и эффективный способ защиты от болезни до тех пор, пока человек не вступит в контакт с возбудителями инфекции. Вакцинация повышает сопротивляемость многим инфекционным заболеваниям и укрепляет вашу иммунную систему, используя естественные защитные механизмы организма. Вакцины направлены на то, чтобы научить иммунную систему распознавать вирусы и бактерии, бороться с ними. Если человек получил вакцину против болезни, риск заражения снижается, а, следовательно, уменьшается распространение болезни другим. Чем больше людей вакцинировано в обществе, тем меньше вероятность передачи возбудителя болезни от человека к человеку. Коллективный иммунитет достигается, если вакцинировать большую часть населения. Это замедляет распространение инфекционных заболеваний. Но коллективный иммунитет считается эффективным только тогда, когда вакцинировано больше людей.
Вы должны обязательно пройти вакцинацию, если хотите защитить себя и окружающих близких людей от страшной болезни. Уважаемые жители, поймите, что способ не заболеть это – «вакцинация» и требование настоящего времени!