Жемқорлықпен күрес және заңның үстемдігі – Жолдаудың басым бағыты

 

 

 

 

№7 қалалық емханасында Елбасының халыққа жолдауының тоғызыншы бағытын ортаға сала отырып, қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру және азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыру мақсатында «Жемқорлықпен күрес және заңның үстемдігі – Жолдаудың басым бағыты» атты тақырыпта жиналыс өткізілді. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігімен сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет деңгейін арттыру мақсатында әзірлеген «Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар үшін жазалау мерзімі және сыбайлас жемқорлық фактілері жөнінде хабарлаған адамдарды көтермелеу шаралары туралы ақпараттық хабарландырулар» туралы түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Күн тәртібінде екі мәселе қаралды:

  • «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Қазақстан халқына Жолдауының басым бағыттары;
  • «Жемқорлықпен күрес және заңның үстемдігі – Жолдаудың басым бағыты»;                                                                                                               Қамтылған адам саны 65 медицина қызметкерлері.

 

 

 

 

 

 

Профилактика бруцеллеза

 

В связи с объявлением 3-х месячника по профилактике с бруцеллезом 24.01.2018 г в городской поликлинике №7 был проведен семинар на тему «Профилактика бруцеллеза» среди медицинских работников. Присутствовало на семинаре 65 медработников. Раздали материалы по профилактике бруцеллеза. Врач эпидемиолог А.Д.Кан прочитала доклад на тему «Профилактика бруцеллеза». Нацелено усилить санитарно-просветительные работы среди населения.

№7 қалалық емханасының жиналысының ХАТТАМАСЫ

№7 қалалық емханасының жиналысының

ХАТТАМАСЫ

№____

 

Тараз қаласы №7Қалалық                                                                                                   емхана мәжіліс залы                                                                   09 қаңтар 2018ж

сағат 16:30

 

Төрағалық етуші: Шатаева Алия Узбековна — №7 қалалық емханасының бас дәрігері

 

Қатысқандар: Махашов Нурлан Оразкулович — денсаулық сақтау басқарма басшысының орынбасары; Ташқараев Еркебулан Серікбайұлы – денсаулық сақтау басқармасының қалалық бөлімінің маманы, бас дәрігердің орынбасарлары, дәрігерлер, медбикелер және медициналық қызметкерлер -42

 

Шақырылғандар: емханаға қарасты аймақ тұрғындары — 25

 

 

КҮН ТӘРТІБІ:

1.Тұрғындардың жеке мәселелері бойынша «Ашық есік күнін» өткізу туралы.

  1. 2017 жылдың конъюктуралық есебі туралы.

ТЫҢДАЛДЫ:

Н.О.Махашов — денсаулық сақтау басқарма басшысының орынбасарытұрғындармен кездесіп, халықтың медицина саласына қатысты пікірлерін, медициналық көмекке мұқтаждықтарын тыңдап, медицина қызметкерлеріне қатысты көзқарастарын айқындау мақсатында «Ашық есік күнін» өткізуге қатысқандығын атап айтты. Азаматтарды қабылдаудан бастап, науқастардың хал-жағдайын сұрап, оларды медицина саласының қызметкерлеріне қатысты оңтайлы пікірлерін біліп қана қоймай, этика және деонтология талаптарының орындалуы тұсында сұрақтар қойып,ақ халаттылардың адал әрі, тиянақты жұмысының куәгері болғандығын атап айтты. Халықпен осы сынды кері байланыс орнатуды жөн санап, басқарма мамандары емдеу-алдын алу мекемелеріне тұрғындармен тікелей байланыс жасау үшін келгендігін, және де емхананың күнделікті жұмысымен танысып, жаңа жылда алға қойылған мақсаттарды бірге өткеруге шақырды. Сонымен қатар тұрғындармен кездесу барысында емхана тарапынан жасалып жатқан медициналық көмектің сапасы жөнінде, дәрі-дәрмектің тиімді игерілуі жайында сұрап, пайымды жауап ала білді.

ТЫҢДАЛДЫ:

Ташқараев Еркебулан Серікбайұлы – денсаулық сақтау басқармасының қалалық бөлімінің маманы, емхана жағдайын бақылап, өткен жылы болған арыз-шағымдарға шолу жасап, Жол картасы бойынша атқарылуы тиіс іс-шаралар туралы сөз қозғады.

 

Баяндамашы: Абитов Еркин Бакытбекович – бас дәрігердің емдеу ісі жөніндегі орынбасарының міндетін атқарушысы 2017 жылғы емхананың жұмысы туралы конъюктуралық есебін баршаға ұсынды.

 

ШЕШМ ҚАБЫЛДАДЫ:

2017 жылы жіберілген кемшіліктерді жойып, алдағы уақытта қан айналымы жүйесінің ауруларын, туберкулез, жұқпалы вирустық аурулардың, онкологиялық аурулардың, ана мен бала өлімін төмендету мақсатында шаралар қолданылып, кешенді жұмыс жүргізу жүктелінсін.

 

 

Жиналыс төрайымы А.Шатаева

Хатшы                     З.Дадаева