+7 (7262) 46-61-90
(регистратура)
+7 (7262) 56-16-30
(служба поддержки пациентов)
+7 (7262) 46-62-84
(приемная)

Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік

 

Елбасының 2017 жылдың 31 қаңтардағы «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Қазақстан халқына жолдауының іске асырылу барысы

 

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Қазақстанның бірлігін, Ата Заңымызды, адам мен азаматтың құқықтарын және бостандықтарын қорғауды қамтамасыз еткен жаңа тәуелсіз мемлекеттің негізін қалаушы болып табылады. Елбасымыз ата-бабаларымыздың тәуелсіздік туралы ғасырлар бойғы армандарын ақиқатқа айналдыруға мүмкіндік туғызады. Сонымен қатар, ол – әлеуметтік – экономикалық, саяси – қарқынды дамып келе жатқан мемлекеттің бірегей моделін жасаған аса көрнекті мемлекеттік және саяси қайраткер. Тәуелсіздікдіктің алғашқы жылдарында еліміз қиын – қыстау кезеңді бастан өткерген сәтте халықтың еңсесін көтеріп, жүрегіне болашаққа деген сенімін ұялатқан Елбасы болатын. Бүгінде Қазақстан іргесі биік ірі мемлекетке айналды Қай салада да қарқынды дамып, толайым табыстарға кенелді. Қазақ елі күллі әлемге танылды. Тәуелсіз мемлекетіміздің толағай табыстары мен айқын жетістіктері Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев есімімен байланысты. Президент халықтың сенімін ақтап, Қазақстанды мықты мемлекетке айналдыра білді. Саяси және экономикалық салада жүргізген салиқалы реформалары Қазақстанды қазіргі деңгейге жеткізді. Президенттің халықаралық аренада беделі мен рөлі арта түсуде. Бұл тәуелсіздігіміздің жемісі – Елбасының жемісі деп білемін. Республикамызбен бірге ежелгі Тараз қаласы да қарқынды дамып келеді. Бүгінде тараздықтардың өмір сүру сапасы жыл сайын айтарлықтай жақсарып келеді деп толық сеніммен айта аламын. Экономика мен әлеуметтік сала тұрақты дамуда, жаңа өндірістер мен кәсіпорындар ашылуда, тұрғын үйлер, ауруханалар, мектептер мен балабақшалар салынуда. Соның тағы бір дәлелі: 2017 жылғы 30 қаңтардағы Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан Үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты халыққа жолдауы. Бұл жолдауда жан жақты электронды даму көзделген. Индустрияландырудың жаңа әдіс тәсілдері қолданбақ. Қазақстандықтар өз Отаны мен өз Президентін мақтан тұтады. Қазақстан азаматы болу – зор абырой және биік мәртебе. Сондықтан Отанымызды және әлемнің тарихына енген Елбасымызға сенім арту – әрқайсымыздың азаматтық парызымыз.

Мемлекет басшысының «Қазақстан Үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты жолдауында шағын кәсіпкерлікті дамытуға, инвестициялар тартуға және бүкіл әлемдік дағдарыс салдарын жоюға шаралар қолдануға бағытталған. Біз кең көлемді демократиялық қайта құрудың жолында тұрмыз, оның негізгі бөлігі жергілікті өзін-өзі басқаруды дамытудан, өкілетті органдардың құқығын кеңейтуден, азаматтық қоғам институттарының рөлін арттырудан тұрады. Біз адамның әл-ауқаттылығы интеллектуалды, жан-жақтылығы жоғары болумен қатар отаншылдық, патриоттық сезімінің жоғарлығымен ерекшеленетін елде тұрамыз. Біз мемлекеттік орган қызметтерінің ашықтығын қамтамасыз ету бойынша, қоғамдық күштермен ынтымақтастық жасау үшін жұмыстарды жалғастырамыз. Қаланың әр тұрғынының тұрмыс-тіршілігін жақсарту үшін Қазақстан Президентінің алдымызға қойған тапсырмаларын бірлесе отырып шешетін боламыз. Біздің бүгінгі мақсатымыз — Президентіміз Н.Ә. Назарбаевтың әрбір жолдауын, ондағы қойылған тапсырмаларын бұлжытпай орындау. Өңірлерді дамыту үшін үлкен мүмкіндіктерге жол ашылған, бұл мүмкіндіктер біздің өміріміздің маңызы болып табылады. Экономиканы нығайтуға және халықтың әл-ауқатын арттыруға, барлық азаматтардың жігерлі жұмыс істеулері үшін күшті серпіліс беруіміз қажет. Біздің әр біреуіміздің адал да абыройлы және ынталы жұмысымыздың арқасында алдымызға қойған тапсырмаларды табысты түрде орындап шығуымыз керек.   Сондықтан, біз өз күшімізді еліміздің көркеюі мен гүлденуі үшін біріктіруіміз қажет.

Рухани-адамгершілік құндылықтар адамзат пайда болған кезден бастап адам санасына еніп дамып отырады. Себебі рухани-адамгершілік құндылық адамның өзіне, қоршаған әлеуметтік ортаға бір-біріне деген қарым-қатынасы, өмір сүру салты, даму деңгейін бейнелейтін құрлымдық элемент.

Қазақстан әлемдік картада ішкі және сыртқы саясаты орныққан дербес мемлекет болып қалыптасты. Көпұлтты мемлекетімізде қоғамдық-саяси тұрақтылық пен бейбіт өмір орнықты.

Еліміз бүгінде экономикалық жаңғырудың үшінші кезеңіне аяқ басты.

Осының барлығы Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың сындарлы саясаты мен мемлекеттік реформалардың қарқынды дамуының жемісі.

Барша қазақстандықтарға айтарым, шаңырақтарыңызға бақыт, отбасыларыңыздың амандығын тілеймін. Мемлекет басшысының бағытын қолдап, жаңа табыстар мен жетістіктерге жете берейік.

 

 

   №7қалалық емханасының бас дәрігері                         А.Шатаева