Жұманқұлов Марат Сейтбекұлы

Жұманқұлов Марат Сейтбекұлы 1966 жылы 26 қыркүйекте Семей қаласында дүниеге келген. ¥лты — қазақ, білімі -жоғары, ҚР-ның азаматы. Жамбыл облысы Талас ауданы , Ақкөл ауылының Орта мектебін 1983 жылы бітіргеннен кейін, 1983-1984 жылдар аралығында  Семей қаласының мед институтында лаборант қызметін атқарған.1985 жылы сол уақыттағы Алма – Ата қаласының мемлекеттік медициналық институтына оқуға түсіп сол жылы КСРО қарулы күштерінің әскер қатарына шақырылған. 1987 жылы әскер қорына босатылып, оқу орнын 1993 жылы тамамдаған. 1994 интернатура өтіп,1994 – 1996 жылдары емхана меңгерушісі қызметінен өз еңбек жолын бастаған. 

Еңбек жолы 

1983-1984 жылдар аралығында Семей қаласының мединститутында лаборант  қызметі.                                                       

1984 жылдан  1985 жылға дейін Жамбыл облысы Талас ауданында балалар мен жасөспірімдер мектебінде жаттықтырушы қызметі. 

1994-1996 жыл аралығында Жамбыл облысы Талас аудандық орталық ауруханасында емхана меңгерушісі қызметі.  

1996 жылдан 1999 жылға дейін.Алматы облысы Іле аудандық ауруханасында бөлім меңгерушісі қызметі. Тараз  қаласының №1 қалалық ауруханасында алғашқы қабылдау бөлімінің дәрігері  қызметін  

1999-2000 жылдар аралығында Тараз  қаласының №1 қалалық ауруханасында алғашқы қабылдау бөлімінің дәрігері  қызметі. 

 2000 жылдан 2001 жылға  дейін  Жуалы аудандық орталық ауруханасында бас дәрігердің емдеу ісі жөнінде орынбасары  қызметі.  

2001-2002 уақыт аралығында Жамбыл облысы Мерке аудандық әкімдігі аудандық денсаулық сақтау бөлімінің басшысы қызметі. 

2002-2012 жылдар аралығына Меркі аудандық орталық ауруханасына бас дәрігер лауазымы. 

2012 жылдың қазан айында Жамбыл облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасының бастығының емдеу – алдын алу жұмыстары жөніндегі орынбасары лауазымы.  

2017 жылы Жамбыл облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасының басқарма басшысы лауазымы. 

2021 жыл ШЖҚ МКК №7 қалалық емхнасының бас дәрігері қызметі. 

Марапаттары: 

2006 жылы – Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 15 жыл» мерекелік медалі; 

2011 жылы — Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 20 жыл» мерекелік медалі; 

2011 жылы – Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің «Денсаулық сақтау ісінің үздігі» төс белгісі; 

2015 жылы — «Алтын дәрігер» төс белгісі; 

2020 жылы — Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің «Денсаулық сақтау ісіне қосқан үлесі үшін» төс белгісі; 

2020 жылы — Қазақстан Республикасы Президентінің «Халық алғысы» медалі туралы. 

 

02.10.2020 жылы  Жамбыл облысы тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментімен берілген «Қоғамдық денсаулық» мамандығы бойынша жоғары біліктілік санатты маман сертификаты иегері. Еңбңек өтілі 25 жылдан жоғары,Нур Отан партиясының мүшесі. Қазақ орыс тілдерік жетік меңгерген,өз ісін жетік білетін,тәжәрибелі маман, сенімді көшбасшы және үлгілі отбасы иесі.