+7 (7262) 46-61-90
(регистратура)
+7 (7262) 56-16-30
(служба поддержки пациентов)
+7 (7262) 46-62-84
(приемная)

Дені сау болу тек маңызды емес, сонымен қатар сәнді де

   2018 жылдың 23 ақпаны күні сағат 10:00-де №7 қалалық емханасында дін өкілдерінің қатысуымен «Дені сау болу тек маңызды емес, сонымен қатар сәнді де!» тақырыбында әлеуметтік – медициналық дөнгелек үстел отырысы өтті. Отырысқа бірқатар медицина қызметкерлері, дін өкілдері, профилактикалық екпелерден бас тартқан ата-аналар, психолог мамандары, әлеуметтік қызметкерлер, салауатты өмір салтын қалыптастыру бойынша жауапты тұлғалар қатысты. Дін өкілдері «Вакцинация және дін» тақырыбында баяндама оқыды. Екпе егудің маңызы жайлы бейнеролик көрсетілді, екпе егуден бас тартқан ата-аналармен диалог жүргізіліп, оларға ақпараттық танымдық көрнекілік құралдар (жадынамалар, буклеттер) таратылды, соңынан сауалнама алынды.

26.02.2018ж