+7 (7262) 46-61-90
(регистратура)
+7 (7262) 56-16-30
(служба поддержки пациентов)
+7 (7262) 46-62-84
(приемная)

О нас ГКП на ПХВ «Городская поликлиника №7 УзаЖО»

 

Количество сотрудников

ГКП на ПХВ «Городская поликлиника №7 УзаЖО» состоит всего из 183 сотрудников.

В том числе:

Врачи — 20

Средний медицинский персонал — 100

Младший медицинский персонал — 29

Прочие — 34

 

 

                     Наличие информации об исполнительном органе

 

Главный врач

Ф.И.О                                      Шатаева Алия Узбековна

Дата Рождения                      06.08.1966г.р.

Место рождения                    Т.Рыскуловский район Жамбылская область

Национальность                    Казашка

Образование                             Алма-Атинский государственный институт

Место работы                           ГКП на ПХВ «Городская поликлиника №7»

Контактный номер                                            8 707 130 52 57

 

 

 

 

Заместитель главного врача по лечебной части

Ф.И.О                                                               Абитов Еркин Баахтыбекович

Дата Рождения                                                 04.09.1986г.р.

Место рождения                                               Шуйский район Жамбылская область

Национальность                                                  Казах

Образование                                                     Карагандинский государственный институт

Место работы                                                  ГКП на ПХВ «Городская поликлиника №7»

Контактный номер                                            8 707 830 30 86

 

Заместитель главного врача по детству и родовспоможению

Ф.И.О                                                            Абдикадирова Айгуль Рахмановна      

Дата Рождения                                           15.09.1972 г.р.

Место рождения                                         Т.Рыскуловский район Жамбылская область

Национальность                                            Казашка

Образование                                                  Алма-Атинский государственный институт

Место работы                                                 ГКП на ПХВ «Городская поликлиника №7»

Контактный номер                                         8 701 495 45 00

 

 

                         №7Қалалық емханасының қысқаша тарихы

№7Қалалық емхана Тараз қаласының шығыс бөлігінде орналасқан. «Қант», Тектұрмас, Қарасай, Барысхан кенттеріне алғашқы медициналық көмек көрсетеді. Емхананың өзіндік өте көне тарихы бар. Бастапқыда емхана атауы Қант зауытының медициналық-санитарлық бөлімі болған.1997 жылы 1 шілдеде №3 Қалалық аурухана болып атауы өзгертілді. Ол кезде емхана құрамында 50 төсек орынды терапия стационары және 25 төсек орынды педиатрия стационары, босану үйі және емхана болған.                                                                                                      Заман ағымымен 1999 жылы стационарлар жойылып, емханамыз СВА-5, СВА-6 болып екіге бөлінді. 7.08.2001 жылы қайта қосылып, КМҚК №7 Қалалық аумақтық емхана атауы берілді. 9.10.2012 жылдан бастап №7 қалалық емхана шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорын халыққа медициналық көмек көрсетуде. Емханада абыройлы, ардақты, беделді, халқына еңбегі сіңген мамандар, дәрігерлер жұмыс атқарған және қазіргі уақытта да өз ісін абыроймен атқарып келе жатқан мамандарымыз жетерлік. Атап айтсақ, Полях.Р.И, Үкібасов А.У, Югай Н.В, Умаров М.У, Зинчук, Белесова Ж.О, Шупенова Г, Абдыраймов Н.С, Полях Э.Ш және тағы басқалар. Гиппократ жолында ант беріп, науқастарды емдеуде жанын салып жұмыс атқаратын дәрігерлер саны — 43, оның ішінде 18 дәрігер жоғары санатты, 10 дәрігер бірінші санатты, 5 дәрігер екінші санатты, жас дәрігер — 3. Сонымен қатар, жас мамандарға қолдау көрсетіп, біліктілігімен тәлімгерлік жолында тәжірибесімен бөлісетін мамандарымыз да жоқ емес. Қазіргі уақытта емхана 23590 тұрғынға медициналық қызмет көрсетеді. Тұрғындарға қолжетімді, сапалы да білікті медициналық көмек көрсету — емхана қызметкерлерінің басты мақсаты. Мекемені тиімді түрде басқару жолымен тұрғындарға сапалы медициналық көмек көрсету, материалдық – техникалық, мамандандырылған, кәсіби мамандар әлеуетін жақсарту және тұрғындардың өз денсаулығына өзіндік тұрғыдан аса көңіл бөлу мәдениетін арттыруы үшін салауатты өмір салтын қалыптастыру бойынша әдістемелерін үйретуді пайдалана отырып, профилактикалық іс-шаралар аясын кеңейту де жолға қойылған.

Емхана терапиялық, педиатриялық, профилактикалық, гинекология, күндізгі емдеу бөлімі, физиоемдеу бөлімі, орталық залалсыздандыру бөлімі, зертхана бөлімі мен әкімшілік бөлімі сынды құрылымдық бөлімшелерден тұрады. Емхананың қазіргі жағдайы едәуір жақсарған, соңғы үлгідегі медициналық жабдықтармен жасақталған. Емхананың бөлімшелері асқазан-өңеш жолдарының ауруларын анықтайтын ФГС аппараты, SonoAce X8 ультрадыбыстық зерттеу аппараттары, физиоемдеу бөлімінің аппараттары, ЭКГ, ЭЭГ, рентген аппараттары, Германияда өндірілген соңғы үлгідегі Respons 910 автоматтандырылған биохимиялық аппараты мен Швециялық «Boule Medical AB» компаниясы өндірген Swelab Alfa гематологиялық анализаторымен және т.б көптеген құрал-жабдықтармен жабдықталған.                                                                           Емхана бойынша тұрғындарды скринингтік тексеруден өткізу                                арқылы ауру түрлерінің немесе қауіпті факторлардың дамуын ерте сатысында анықтау үшін белгілі бір жастағы сау тұлғаларды алдын-ала медициналық тексеруден өткізу бойынша да біршама істер атқарылуда. Мұндай іс-шаралар емдеу тиімділігін арттыруға және асқынушылықтың алдын-алуға септігін тигізеді. Скринингтік тексерулер жүргізу арқылы адам ағзасындағы тұқым қуалайтын және жүре пайда болатын ауруларды ерте анықтауға, оларды дер кезінде емдеуге, мүгедектікке, өлім-жітімге әкеп соқтыратын аурулардың асқыну жағдайларының алдын алуға болады.

Облыс көлеміндегі аумақтық, қалалық емханалар скринингтік тексерудің түр-түрі бойынша халыққа тегін қызмет көрсетеді. Мысалы, №7 қалалық емханасында тұрғындарға жас шамаларына қарай (әйелдердің) сүт безі, жатыр мойыны, (әйелдер мен ерлердің) тоқ ішек, тік ішек обырын ерте анықтау бойынша скринингтік тексерулер жүргізіледі. Негізі жүрек-қан тамыры ауруларын, сусамырды, глаукоманы және олардың туындау қаупін, сонымен қатар гепатитті емдеуге және инсульт, инфаркт, зағиптық, бауыр циррозы мен обыры сияқты асқынушылыққа жол бермеуге болатын кезінде скринингтік тексерулердің маңыздылығы арта түспек. Сондықтан да әрбір азамат өз денсаулығына жауапкершілікпен қарап, скринингтік тексерулердің талаптарын бұлжытпай орындауы ол – келешек ұрпақтың денінің саулығының кепілі болмақ. Адамдардың түрлі ауруларға шалдығуына әкеп соқтыратын факторларға өмір салтын ұстанбау, дұрыс тамақтанбау, зиянды әдеттерге әуестену, алкогольді ішімдіктерді тұтыну, шылым шегу және ауаның ластануы жатады. Бұл жерде әрбір азаматтың өз денсаулығына, өміріне деген көзқарасы сынға түседі. Скринингтік тексерілуге шақыру алған азамат міндетті түрде аумақтық емхананың дәрігерге дейінгі бөлмесіне келеді. Алдымен сауалнама толтырады, медицина қызметкері Кетле индексін анықтау үшін бойын, салмағын, бел ауқымын, және қан қысымын өлшейді. Содан кейін глюкометр аппаратының көмегімен тез арада қан құрамындағы глюкоза мен холестериннің мөлшерін анықтайды. Ал глаукоманы анықтау үшін көздің қысымын өлшейді. 30-60 жас аралығындағы әйелдер арасында патологиялық өзгерістердің алдын алу бойынша жатыр мойыны сүртіндісіне цитологиялық зерттеу жүргізіледі. Сондай-ақ 50,52,54,56,58,60 жастағы әйелдердің сүт бездеріне рентгенологиялық зерттеулер (яғни, маммография) жүргізіледі. Кардиолог, эндокринолог, офтальмолог мамандарының тексеруі негіздемелер бойынша іске асырылады. Скринингтік тексерулер жүргізудің арқасында осы аталған ауруларды дер кезінде анықтау мүмкін болып отыр. Скринингтен анықталғандар мен қауіп-қатер факторларына жататын науқастар «Денсаулық мектептеріне» жіберіледі. Барлық емханаларда «Денсаулық мектептері» ұйымдастырылған. Атап айтсақ, «Қант диабеті мектебі», «Демікпе мектебі», «Жүрек-қан тамыр аурулары мектебі», «Қауіп-қатер факторлары мектебі», «Репродуктивті денсаулық сақтау мектебі», «Бала денсаулығы мектебі», «Жас ана мектебі», «Артериалды гипертензия мектебі» және т.б. Денсаулық мектептерінде медицина қызметкерлері келген науқастарға сауығу бойынша нақты ұсыныстар беріп отырады (дұрыс тамақтану, спортпен шұғылдану, зиянды әдеттерден арылу, таза ауада серуендеу, салауатты өмір салтын ұстану және т.с.с.).                                                Қазіргі таңда тұрғындарымыз «Салауатты өмір салтын ұстану» өмірдегі маңызды, әрі басты ұран екендігін түсінгендей! «Скрининг – денсаулық кепілі» екенін әрдайым естен шығармай, скринингтік тексеруге шақырту алған әрбір азамат белсенділік танытуда, өйткені қазіргі уақытта ауру түрлері белең алып, аурушаңдықтың жас ерекшелігі жасарып келеді десем артық айтпаған болармын!

Емхананың күндізгі емдеу бөлімінде науқастар стационарлық ем қабылдайды, сонымен қатар үй жағдайында стационарлық ем алуға мүмкіндіктері бар. Науқастар 23 төсектік орынмен (оның ішінде: терапиялық-16, гинекологиялық-4, балаларға арналған төсек орын-3) және тегін медициналық көмектің кепілді көлемі шеңберінде дәрі- дәрмектермен қамтамасыз етіледі.

Сонау 1953 жылы тұрғызылған емхана ғимараттары сәнді, әрі әсем көркемделген, әсіресе балалар бөлімінде көз тартарлық көркем суреттер бейнеленген. Күн санап, емханаға келушілер саны артуда, 2015- 2016 жылдармен салыстырғанда, келушілер санының 1586 адамға артуы қуантарлық жәйт.