+7 (7262) 46-61-90
(регистратура)
+7 (7262) 56-16-30
(служба поддержки пациентов)
+7 (7262) 46-62-84
(приемная)

Шатаева Алия Узбековна

Шатаева Алия Узбековна, 6 тамыз 1966 жылы Жамбыл облысы,  Луговой ауданы, Каменка ауылында туылды.

1983 жылы Жамбыл облысы, Свердлов ауданы, Жамбыл орта мектебін бітіріп, Алматы мемелекеттік медицина  институтына  оқуға түсті. Аталған оқу орнын 1989 жылы педиатрия мамандығы бойынша тамамданып, Жамбыл облыстық балалар ауруханасында интернатура өтті.

1990 жылы № 7 қалалық емханасына аймақтық балалар дәрігері болып орналастым. 2011 жылы осы емхананың балалар бөлімшесінің меңгерушісі болып тағайындалды. 2012 жылы бас дәрігердің ана мен бала денсаулығын қорғау жөніндегі орынбасары болып тағайындалды. 2017-2019 жылдар аралығында  № 7 қалалық емханасының бас дәрігері болып қызмет атқарды. 2019 жылдың тамыз айында Жамбыл облыстық денсаулық сақтау басқармасының ана мен бала денсаулығын қорғау бөлім басшысы болып тағайындалды. 2021 жылдың сәуір айынан 2023 жылдың маусымына дейін № 7 қалалық емханасы бас дәрігерінің емдеу істері бойынша орынбасары қызметін атқаруда. 2023 жылдың 2 маусымынан бастап №7 қалалық емханасының бас дәрігері болып тағайындалды.

Тұрмыстамын, жолдасым Умралиев Қаппар жеке кәсіпкер. 3 баламыз        (1 ұл,   2 қыз), 4 немереміз бар.