+7 (7262) 46-61-90
(регистратура)
+7 (7262) 56-16-30
(служба поддержки пациентов)
+7 (7262) 46-62-84
(приемная)

Президент жаңа Денсаулық сақтау министрін тағайындады

«Мемлекет басшысының Жарлығымен Ақмарал Шәріпбайқызы Әлназарова Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі лауазымына тағайындалды», делінген ресми хабарламада.

Білімі, мамандығы, лицензиясы:

Алматы мемлекеттік медицина институты (1994). «Педиатрия» мамандығы». Қорқытау Университеті (2006). «Экономист» мамандығы Экономика бакалавры. Қазақстанда да, шетелде де қосымша оқудан өтті. Ұйымдастырушы-жоғары санатты гигиенист, жоғары санатты дәрігер-педиатр.
Ғылыми атақтары, дәрежелері, қызметі:

Медицина ғылымдарының докторы (2010).
Еңбек өтілі:

Қызылорда қалалық балалар ауруханасының қабылдау бөлімінің дәрігері; Педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығының Қызылорда филиалының кіші ғылыми қызметкері (1997-1999); Бөлім бастығы, облыстық денсаулық сақтау басқармасы бастығының орынбасары (1999-2001); Қызылорда облыстық балалар ауруханасының бас дәрігері (2001-2003); Қызылорда облысы Денсаулық сақтау басқармасының бастығы (2003-2004); ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық қызмет көрсету саласындағы бақылау комитетінің облыстық басқармасының бастығы (2005-2007); Қызылорда медициналық колледжінің директоры (2007-2013); Қызылорда облысы әкімінің орынбасары (02.2013-12.2014); Қызылорда облыстық мәслихатының хатшысы (12.2014-11.2015); Қызылорда облысының Денсаулық сақтау басқармасының басшысы (11.2015-04.2019); «Нұр Отан» партиясы Қызылорда облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары (04.2019-06.2020).
Сайланбалы қызметтері, депутаттық:

Облыстық мәслихаттың IV және V шақырылымдарының депутаты, Әлеуметтік сала және мәдениет мәселелері жөніндегі комиссияны басқарды; Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттығына Кандидат (06.2020).
Мемлекеттік және халықаралық наградалары, сыйлықтары, құрметті атақтары:

«Парасат» ордені; «Құрмет» ордені; Медалдері: «Шапағат», «Астанаға — 10 жыл»; «ҚР денсаулық сақтау ісінің үздігі» төсбелгісі; «Nur Otan» партиясы Қызылорда филиалы төрағасының Алғыс хаты (06.2020).