+7 (7262) 46-61-90
(регистратура)
+7 (7262) 56-16-30
(служба поддержки пациентов)
+7 (7262) 46-62-84
(приемная)

ТАРАЗ ЗАКРОЮТ НА КАРАНТИН

View this post on Instagram

ТАРАЗ ЗАКРОЮТ НА КАРАНТИН (на русском языке — ниже) ТАРАЗ КАРАНТИНГЕ ЖАБЫЛАДЫ Тараз қаласының Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің қаулысымен облыс орталығының аумағында 2020 жылдың 7 сәуір күні сағат 00.00-ден бастап карантин режимі енгізіледі. 1)Төменде көрсетілгендерді қоспағанда, барлық автокөлік құралдарының және азаматтардың қала аумағына кіруіне және шығуына тыйым салынады: — медициналық қызметкерлер және санитарлық-эпидемиологиялық қызмет мамандары, авариялық-құтқару қызметтерінің, құқық қорғау органдары; — азық-түлік тауарларын, медициналық бұйымдар мен препараттарды, бірінші кезекте қажетті тауарларды тасымалдайтын автокөлік құралдары; — Тараз қаласының жедел штабы (тел: 43-15-16, 45-59-85) рұқсат берген тұлғалар мен автокөлік құралдары; — тұрғылықты жеріне оралу үшін келетін немесе кететін адамдар және медициналық көрсеткіштер бойынша кететін және келетін адамдар. 2) Қоғамдық көлік сағат 7-00-ден 20-00-ге дейін жұмыс істейтін болады. 3) Төмендегі жағдайларды қоспағанда, адамдардың және жеке көліктің Тараз қаласының аумағында еркін жүріп-тұруына тыйым салынады: — жұмыс орнынан анықтама болған жағдайда тұрғылықты жерінен жұмыс орнына дейін және кері жүріп-тұру; — азық-түлік тауарларын, дәрілік препараттарды және медициналық бұйымдарды сатып алу; — медициналық көмекке жүгіну; — мемлекеттік және әлеуметтік көмек алу мақсатында мемлекеттік мекемелерге бару; — күтпеген ТЖ және адамның өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретін басқа да жағдайлар кезінде. Бұл ретте, отбасы мүшелерін қоспағанда, адамдардың 3 адамнан артық топтасуына, сондай-ақ кәмелетке толмағандардың ересектердің еріп жүруінсіз жүріп-тұруына тыйым салынады. 4) Жеке тұлғалардың жүріп-тұруы, оның ішінде көлік құралдарын басқаруды жеке қорғану құралдарын пайдалану кезінде ғана жүзеге асыруға міндетті.

A post shared by Городская Поликлиника 7 (@gp7_taraz) on