+7 (7262) 46-61-90
(регистратура)
+7 (7262) 56-16-30
(служба поддержки пациентов)
+7 (7262) 46-62-84
(приемная)
Тараз қаласы

Бүгін емханамыздың қызметкерлері арасында «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы» мәдениетті қалыптастыруға арналған жиналыс өтті

Жиналыс барысында емханамыздың комплаенс офицері жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бағдарламаларымен, заңдармен таныстырып, жан-жақты мағлұмат берді. Емханамыз бойынша атқарылып жатқан жұмыстардан хабардар етті.
Сонымен қатар, емханамыздың комплаенс офицері бүгінгі таңда басты назар сыбайлас жемқорлықтың алдын- алу, сыбайлас жемқорлықтың салдары, сыбайлас жемқорлықтың қоғам өмірінің түрлі салаларына тигізетін кері әсері туралы мәселелерінде екендігін атап өтті .
Егер сізге сыбайлас жемқорлық фактілері туралы белгілі болса, онда сіз тәулік бойы жұмыс істейтін Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің 1424 Call- орталығына хабарласа алатыныңызды есіңізге саламыз .