+7 (7262) 46-61-90
(регистратура)
+7 (7262) 56-16-30
(служба поддержки пациентов)
+7 (7262) 46-62-84
(приемная)
Тараз қаласы

D3 дәрумені: ағзаға пайдасы мен зияны.

Д ерекше дәруменін: ағза оны тамақтан ғана емес, күн сәулесінен де ала алады.
Бұл витамин сүйек тінінің негізгі құрылыс материалы – кальций мен фосфордың сіңуіне ықпал етеді. Ал кальций жүйке жүйенің жұмысына жақсы әсер етіп қана қоймай, бұлшықеттің жиырылуына жауап береді. Д дәрумені жеткілікті болған адамдарды депрессия, апатия және ұйқының бұзылуы мазаламайды.
Дәрігерлердің айтуынша, D дәруменінің орташа тәуліктік мөлшері 400-600 IU құрайды.
Алайда, құрамында D дәрумені бар дәрумендер кешендерін, дәрігердің кеңесінсіз қабылдауға болмайды. Ағзаның шамадан тыс дәрумендерге қанығуынан сақ болу керек.
Дәруменннің ағзада артық мөлшерде болуының мынандай белгілері бар: тәбеттің жоғалуы, жүрек айну, салмақ жоғалту, дененің қышуы, жоғары қан қысымы. Сонымен қатар, Д дәруменінің ағзадағы артық мөлшері кальцийдің жоғарылауына әкелуі мүмкін. Бұл әртүрлі тіндердің оссификациясына әкеліп соқтырады.
*