+7 (7262) 46-61-90
(регистратура)
+7 (7262) 56-16-30
(служба поддержки пациентов)
+7 (7262) 46-62-84
(приемная)
Тараз қаласы

КОЛОРЕКТАЛЬДІ ОБЫРДЫ АНЫҚТАЙТЫН СКРИНИНГ

КОЛОРЕКТАЛЬДІ ОБЫРДЫ АНЫҚТАЙТЫН СКРИНИНГ
Колоректальді обыр ерлер мен әйелдер арасында қатерлі ісік салдарынан болған өлім деңгейі бойынша екінші орынға ие.
✅Колоректальді обыр көбінесе тоқ ішектегі аденомадан пайда болады және тұқым қуалайтын полипоз немесе ішектің қабыну дертіне шалдыққан науқастарда туындайды. “Полип” термині ішектің ішінде пайда болған ұлпа өскіні дегенді білдіреді.
❗Ерте кезден анықталған жағдайда қатерлі ісіктен құлан-таза айығуға болады. Ал дерттің белгілері байқалып, қатерлі ісіктің таралу қаупі туындаған кезде ауруды емдеу қиынға соғады.
50 мен 70 жас аралығындағы ерлер мен әйелдер екі жылда бір рет тексеруден өтуі керек.
📌Онкоскринингтер қатерлі дерттің алдын алуға мүмкіндік береді, сондықтан тұрақты түрде өтіп отырған абзал.
✅Скринингтік зерттеулер, пациентті әрі қарай бақылау және емдеу шараларымен амбулаториялық-поликлиникалық көмек көрсететін ұйымдар айналысады, оның ішінде алғашқы медициналық-санитарлық жәрдем де бар.
✅Қала тұрғындары, меншіктің қай түрі болмасын, амбулаториялық-поликлиникалық көмек көрсететін ұйымдарға қаралады.
✅Ауыл тұрғындары, меншіктің қай түрі болмасын, медициналық пунктілерде, фельдшерлік-акушерлік пунктілерде, дәрігерлік амбулаторияларда, аудандық емханаларда, сондай-ақ жылжымалы медициналық кешендерде тексеріледі.
❗Скринингтік зерттеулер 2020 жылдың 1 қаңтарынан бері міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі қамтитын қызметтер қатарына кіреді, сонымен қатар ТМККК аясында да жүргізіледі.
📌дәрігердің жолдамасы бойынша қабылдауға келіп, кеңес алып, тексеруден өте аласыз.
❗Есте сақтаңыз! Скринингтің басты мақсаты – дертті ерте анықтау және емдеу.