+7 (7262) 46-61-90
(регистратура)
+7 (7262) 56-16-30
(служба поддержки пациентов)
+7 (7262) 46-62-84
(приемная)
Тараз қаласы

КВИ-ГЕ ҚАРСЫ ВАКЦИНАЦИЯ ӨЗІНІҢ ТИІМДІЛІГІН КӨРСЕТТІ – А. ЦОЙ

2021 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша коронавирусқа қарсы вакцинаның қолжетімділігі 300 мың азамат үшін қамтамасыз етілген, бұл туралы бүгін Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен өткен коронавирус инфекциясына қарсы іс-қимыл шаралары жөніндегі кеңесте Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой хабарлады.
«Қасым-Жомарт Кемелұлы, Сіздің тапсырмаңызға сәйкес, 2021 жылғы 1 ақпаннан бастап КВИ-ге қарсы вакцинациялау басталды. Вакцина алдымен КВИ-мен күресіп жүрген мамандарға салынды. Бұл тактика әлемнің көптеген елдерінде қолданылады. 2 ай өткен соң, КВИ-ге қарсы вакцинация өзінің тиімділігі мен қауіпсіздігін көрсетті, сондай-ақ халық арасында сенімді арттырды», – деді Денсаулық сақтау министрлігінің басшысы.
Сәуір айында ресейлік вакцинаның қосымша 2 млн. астам дозасынан жеткізіледі. Бірінші жартыжылдықтың соңына дейін 6 миллионға жуық қазақстандықты вакцинациялау жоспарланған.
Вакцинаның бұл көлемі КВИ-ге қарсы вакцинациялауға жататын контингентті және барлық ниет білдірушіге вакцинацияның қолжетімділігін кеңейтуге мүмкіндік береді.
Министр сондай-ақ, Қазақстанда ауқымды вакцинация жүргізу тәжірибесі бар екенін атап өтті. Бұған дейін елде бір айда 2 миллионнан астам азамат тұмауға қарсы вакцинацияланды.