+7 (7262) 46-61-90
(регистратура)
+7 (7262) 56-16-30
(служба поддержки пациентов)
+7 (7262) 46-62-84
(приемная)
Тараз қаласы

МӘМС ЖҮЙЕСІНДЕ САҚТАНДЫРЫЛҒАН МӘРТЕБЕСІН ҚАЛАЙ ҚАЙТАРУҒА БОЛАДЫ?

Қорға жиі қойылатын сұрақтардың бірі: барлық жарна төленсе де, неге мәртебе САҚТАНДЫРЫЛМАҒАН болып шығады?
☝🏼Ескерте кетсек, барлық жарнаның төленгенін өзіңіз жеке қадағалауыңыз қажет екенін ұмытпаңыз. Кейде жұмыс беруші немесе азаматтардың өзі жарнаның бәрін аудармайды да, МӘМС арқылы медициналық қызмет алу мүмкіндігінен айырылады.
✅Мәртебе қайтадан САҚТАНДЫРЫЛҒАН болуы үшін төленбеген жарнаны төлеу керек. Мұны сіз үшін жұмыс берушіңіз істей алады немесе дербес төлеуші өзіңіз төлей аласыз (жарна сомасы 1 ЕТЖ-ның 5%-і немесе 2125 теңге. Төлемнің тағайындау коды – 122).
🔴Естеріңізге сала кетсек, “Сақтандырылған” мәртебесіне ие болу үшін, медициналық көмекке жүгінердің алдында соңғы 12 ай бойы жарнаны үздіксіз төлеп отыру қажет.
🔴БЖТ төлеушілер медициналық көмекке жүгінердің алдында соңғы 3 ай бойы төлесе жеткілікті.