+7 (7262) 46-61-90
(регистратура)
+7 (7262) 56-16-30
(служба поддержки пациентов)
+7 (7262) 46-62-84
(приемная)

14 қараша – Эндокринолог күні және Дүниежүзілік қант диабетімен күрес күні.

14 қараша – Эндокринолог күні және Дүниежүзілік қант диабетімен күрес күні.
Халықаралық диабет федерациясы және Бүкіләлемдік денсаулық сақтау ұйымының бастамасымен 14 қараша – Эндокринолог күні және Дүниежүзілік қант диабетімен күрес күні болып бекітілген. Атаулы күннің мақсаты – дүниежүзін диабетке қарсы күресуге шақыру, сыртқаттың алдын алып, салауатты өмір салтын қалыптастыру.
Қант диабеті эндокриндік жүйемен байланысты ауру болғандықтан эндокринолог мамандар осы ауру түрін диагностикалау мен емдеумен айналысады.
Дәрігерлердің айтуынша, диабетті диетаның, жаттығулар мен дәрі-дәрмектің көмегімен емдеуге, сол арқылы оның асқынуына жол бермеуге болады. Ең алдымен әр пациент өз денсаулығы үшін өзі жауапты екенін түсіну керек: ол арнайы күнделік ашып, күн сайын қан мен несептегі қант деңгейін, несептегі ацетон мөлшерін, салмағы мен қан қысымын жазып жүруі тиіс.
Эндокринолог дәрігерлерді кәсіби мерекелерімен құттықтаймын!
Сіздерге зор денсаулық, мол табыс және сәттілік тілейміз!