+7 (7262) 46-61-90
(регистратура)
+7 (7262) 56-16-30
(служба поддержки пациентов)
+7 (7262) 46-62-84
(приемная)
Тараз қаласы

Аш қарынға не жеуге болмайды?

Таңды әркім әр түрлі бастайды, дегенімен дәрігерлердің аса маңыз аударуға шақыратын ең маңызды бөлігі-таңғы ас. Сонымен, таңертең аш қарынға қандай тағам жеген пайдалы, ал неден бас тартқан дұрыс?
Аш қарынға ішуге болмайды:
— ЖАҢА ПІСКЕН КОНДИТЕРЛІК ӨНІМДЕР. Мұндай ұн өнімдерінің құрамындағы ашытқы, газ түзілуін тудырады және асқазанның қабырғаларын тітіркендіреді;
—ҚАНТ. Инсулин өндірісін арттырады, ал бұл ұйқы безіне үлкен жүктеме;
— ЦИТРУС ӨНІМДЕРІ. Аш қарынға жеген бұл жемістердің құрамындағы көп мөлшердегі қышқылдар, асқазан қыжылын туғызады;
Аш қарынға пайдалы тағамдар:
—БОТҚА. Сұлы, қарақұмық, жүгері ботқалары. Бұл тағам түрі ас қорыту жүйесін жақсартып, тойымдылық сезімі ұзақ уақыт бойы сақталады;
—ЖҰМЫРТҚА. Бұл күні бойы калория тұтынуды азайтудың керемет әдісі;
— АШЫТҚЫСЫЗ НАН. Тұтас дәнді нан құрамында көмірсулар мен басқа да пайдалы элементтер ағзаға өте қажет;