+7 (7262) 46-61-90
(регистратура)
+7 (7262) 56-16-30
(служба поддержки пациентов)
+7 (7262) 46-62-84
(приемная)
Тараз қаласы

Індет жұқтырғандардың саны 2999 жетті

📍Ағымдағы жылдың 21 шілдесіндегі ахуал бойынша Жамбыл облысында коронавирустық инфекцияның 42 жағдайы тіркелді, оның 19-ы симптомдық, 23-і симптомсыз.
🔻Тараз қаласында 10 ауру жұқтырған азамат анықталса, Жамбыл ауданында 3, Меркі мен Байзақ ауданында 2 фактіден тіркелді. Сондай-ақ Шу ауданында да індет жұқтырған азамат бақылауға алынды.
🔻Барлық науқастар ауруханаға өздері жүгінген. Олардың ішінде 7-і зейнеткер.
🔻Орын алған жайттар бойынша науқас адамдар стационарға жатқызылып, олармен байланыста болған жақындары оқшауланды. Індет ошақтарында дезинфекциялау жұмыстары жүргізілді.
🔻Соңғы тәулікте Мойынқұм ауданында 5 симптомсыз ауру анықталса, Шу мен Талас ауданында – 4, Байзақта – 3, Меркі мен Тараз қаласында – 2, Т.Рысқұлов пен Жаммбыл ауданында – 1 адамнан тіркеуге алынды. Сонымен қатар Алматы өңірінен келген бір науқас белгілі болып отыр. Аталған азаматтардың барлығы үй карантинінде.
🔻Қазіргі таңда көптеген науқастар жұмыс берушінің есебінен коронавируске қатысты тестен өтуде.
📌21 шілде күнгі жағдай бойынша Жамбыл облысында 2999 коронавирус жұқтыру дерегі тіркелді. Олардың ішінде 1398-і жазылып шығып, дәрігерлердің бақылауында.