Хабарландыру

Жамбыл облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы жанындағы Конкурстық комиссия (бұдан әрі – Комиссия) «Жамбыл облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы №7 қалалық емханасы» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнындағы байқау кеңесі құрамына сайланатын тұлғаларға конкурс жариялайды.

Пошталық индексі 080010, Қазақстан Республикасы, Жамбыл облысы, Тараз қаласы, Рафинадная көшесі, №13 үй, тел: 8/7262/ 466284.

Негізгі қызметі:

1) бастапқы медициналық санитариялық көмек көрсету: емханада амбулаториялық қабылдауда, сондай-ақ үйде көмек көрсету кезінде халыққа дәрігерге дейінгі білікті медициналық көмек;

2) штат кестесіне сәйкес мамандықтар бойынша балалар мен ересектерге кеңес беру және диагностикалық көмек;

3) білікті акушерлік – гинекологиялық көмек, отбасын жоспарлау және ұрпақты болу денсаулығын қорғау бойынша қызметтер көрсету;

4) жіті және кенеттен ауру, жарақат, улану және басқа да жазатайым оқиғалар кезінде науқастарға алғашқы және шұғыл медициналық көмек көрсету;

5) үйде дәрігерлік көмек көрсету;

6) стационарлық алмастыру көмек көрсету – емхананың күндізгі стационарында және үй стационарында медициналық көмек көрсету;

7) халықтың профилактикалық скринингтік тексерулерін өткізу;

8) науқастардың уақытша және тұрақты жұмысқа жарамдылығын сараптау (жұмысшылар және қызметшілер), еңбекке уақытша жарамсыздық парағын беру және ұзарту және басқа учаскелеріне ауыстыруға мұқтажды адамдарға ұсынымдар беру, санаторлық-курорттық емделуге таңдау.

Денсаулық сақтау саласындағы шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорындардағы байқау кеңесіне сайланатын адамдарға қойылатын талаптар жоғары білімнің, сондай-ақ мынадай талаптардың бірінің:

1) денсаулық сақтау немесе ұйым бейіні бойынша және (немесе) экономика/қаржы және (немесе) бизнес және (немесе) құқық саласында кемінде 5 жыл жұмыс тәжірибесінің;

2) денсаулық сақтау немесе ұйым бейіні бойынша және (немесе) экономика/қаржы және (немесе) бизнес және (немесе) құқық саласындағы басшылық қызметте кемінде 3 жыл жұмыс тәжірибесінің;

3) денсаулық сақтау және (немесе) экономика және (немесе) бизнес және (немесе) құқық саласындағы қоғамдық бірлестіктердің мүшесі.

2.Мынадай:

1) соттылығы өтелмеген немесе алынбаған;

2) заңды тұлғаны банкрот деп тану туралы шешім қабылданғанға дейін бір жылдан астам осы заңды тұлғаның басшысы болған;

3) бұрын сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасаған;

4) байқау кеңесінің басқа мүшесімен немесе мемлекеттік кәсіпорын басшысымен жақын туыстық және туыстық қатынастағы адамды байқау кеңесінің мүшесі ретінде сайлауға болмайды.

Конкурсқа қатысу үшін тиісті құжаттар осы хабарландыру жарияланған уақыттан бастап 30 күнтізбелік күн ішінде «Жамбыл облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне төмендегі мекен-жай бойынша тапсырылуы тиіс:

Жамбыл облысы, Тараз қаласы, Желтоқсан көшесі, 78, 333 каб, тел: 87262 456280.

Конкурсқа қатысуға ниет білдірген тұлғалардың құжаттарын қабылдау осы хабарландыруда көрсетілген мерзімде Комиссияға мынадай құжаттарды ұсынуға тиіс:

  • конкурсқа қатысу туралы өтініш (еркін нысанда жазылған);
  • мемлекеттік және орыс тіліндеріндегі түйіндеме;
  • өмірбаян (еркін нысанда жазылған);
  • үміткердің жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
  • жоғары білімі туралы құжаттың көшірмесі;
  • 2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 35-бабынасәйкес жұмыскердің еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі;
  • Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитетінің аумақтық бөлімшелері берген соттылығы және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтары жоқ екендігін растайтын құжаттар.

Конкурсқа қатысушы өзінің біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне қатысты қосымша ақпаратты (біліктілігін арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар беру, ғылыми жарияланымдар, алдындағы жұмыс орнының басшылығынан ұсыным) беруіне болады.

Конкурстық өтінімдері бар конверттерді ашу Жамбыл облысы, Тараз қаласы, Желтоқсан көшесі, 78, 333 бөлмеде 2018 жылдың 11 қазанында сағат 11.00-де өткізіледі.

Құжаттар салынған конверт «Шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорындарда байқау кеңесін құру қағидаларын, байқау кеңесінің құрамына сайланатын адамдарға қойылатын талаптарды, сондай-ақ Байқау кеңесінің мүшелерін конкурстық іріктеу және олардың өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 20 ақпандағы №113 бұйрығының талаптарына сәйкес рәсімделуі тиіс.