ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІР ТҰРҒЫНЫНЫҢ ДЕНСАУЛЫҒЫНА АРНАЛҒАН ШЫҒЫСТАР 56 МЫҢНАН 122 МЫҢ ТЕҢГЕГЕ ДЕЙІН ҰЛҒАЙТЫЛДЫ

Бүгін ОКҚ брифингінде Денсаулық сақтау бірінші вице-министрі Тимур Сұлтанғазиев Медициналық сақтандыру қорының басшысымен бірлесіп денсаулық сақтаудың негізгі индикаторларына қол жеткізу мысалында медициналық сақтандыру жүйесінің тиімділігін арттыру шаралары және МӘМС енгізу нәтижелері туралы айтты.
Ол МӘМС шектері жыл сайын ақшалай түрде де, көрсетілетін медициналық қызметтер көлемінде де кеңейіп келе жатқанын атап өтті.
Оның айтуынша, егер 2019 жылы арнайы мамандардың 20 миллионға жуық консультациясы және диагностикалық зерттеулер көрсетілсе, өткен жылы сақтандырылған пациенттер дәрігерлік қабылдауларды, зертханалық талдауларды және аспаптық диагностиканы қоса алғанда, 142 миллион медициналық қызмет ала алды.
https://www.facebook.com/100064802226293/posts/pfbid07sE15fXAXAJdyDGbV4HNeW6c7Nb4QBVDBiKB7vwJJN9JYiXEEkUbUXP9gTNMv99Bl/