1494 Call – center (кеңес беру орталығы)

Қазіргі уақытта, Қазақстан Республикасының  Мемлекеттік қызмет  істер және сыбайлас жемқорлыққа  қарсы іс-қимыл агенттігінің жанында азаматтарға , мемлекеттік қызметшілерге, сондай – ақ  басқа да тұлғаларға мемлекеттік қызмет, сыбайлас жемкорлыққа қарсы әрекет ету мәселелері бойынша кеңес  беру және ақпараттандыру жүйесін дамыту мен таратуды ұйымдастыру мақсатында 1494 Call – center (кеңес  беру орталығы) кұрылып қызмет көрсетуде.

Кеңес беру орталығына қонырау  бүкіл республика бойынша қалалық телефон мен ұялы байланыс операторлары арқылы абоненттермен «1494» қоныраулар тегін нөмерін теру бойынша жүзеге асырылады .Сонымен бірге,азаматтардың электронды өтініштері мен арыздары1494 kz  Порталын  қабылданады.

Кенес беру орталығының басты міндеті мемлекеттік қызметшілердің қуқықтарын  қорғау, тұрғындарға сапалы құқықтық көмек көрсету және азаматтардын, сонымен қатар өзге де мүдделі тұлғалардың құқықтық  сауаттылығын қалыптастыру болып табылады.

Осы міндеттерді жүзеге асыру барасында  Орталық  қызметкерлері тұрғындарға  заңнама нормаларын және мемлекеттіқ қызметтердің ұсыным тәртібін түсіндіреді , сонымен бірге азаматтардың сыбайлас жемқорлық  сипатындағы өтініштерін қабылдайды.

ҚР ДСӘДМ сарапшылары медициналық қызметкерлер арасында медициналық сақтандыруды енгізу мәселелерін түсіндіру жұмыстарын бастады

Бүгін Қазақстанның барлық өңірлерінде республиканың медициналық қызметкерлері арасында міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (әрі қарай – МӘМС) жүйесінің негізгі қағидаларын түсіндіру бойынша кең көлемді акция басталды. Құрамында денсаулық сақтау жүйесінің алдыңғы қатарлы мамандары мен ҚР ДСӘДМ медициналық қызметке ақы төлеу комитеті аймақтық департаменттерінің басшылары бар арнаулы мобильдік топтар кездесулер мен семинарлар өткізіп, МӘМС-ті енгізуге байланысты барлық сұрақтарға жауап беретін болады.

Орта медициналық қызметкерлерге Ұлттық ғылыми медициналық орталықтың басқарма басшысы Абай Байгенжин, А.Н. Сызғанов атындағы Хирургия ұлттық ғылыми орталығының бас директоры Болат Баймаханов, Туберкулез проблемалары ұлттық орталығының директоры Жұмағали Исмаилов, С. Асфендияров атындағы ҚазМҰУ әкімшілік департаментінің директоры Василий Девятко, Денсаулық сақтауды дамыту республикалық орталығының бас директоры Тілеухан Әбілдаев, «СК Фармация» ЖШС басқарушы директоры Серікбол Мусинов, Республикалық санитарлық авиация орталығының директоры Нұржан Отарбаев, «Республикалық Медициналық палата» қоғамдық бірлестігінің басқарма басшысы Мақсұт Құлжанов, ҚР денсаулық сақтау саласының қызметкерлері кәсіподағының басшысы Мереке Бутина, «Астана медициналық университеті» АҚ ректоры Мәжит Шайдаров және т.б. МӘМС жүйесінің ұтымды тұстарын толыққанды түсіндіретін болады.

Медициналық қызметкерлермен кездесу – ҚР ДСӘДМ-нің биыл өткізетін кең көлемді ақпараттық-түсіндірме жұмыстарының алғашқы кезеңі болмақ. Әрі қарай МӘМС жүйесінің қағидалары, медициналық сақтандыруды енгізу кезеңдері мен оның ұтымды жақтары туралы тұрғындар мен жұмыс берушілерге түсіндіретін болады.

Естеріңізге сала кетейік, Қазақстанда үздік халықаралық тәжірибені есепке ала отырып мемлекет, жұмыс беруші және әрбір адамның ынтымақты жауапкершілігінің негізінде әзірленген медициналық сақтандыру жүйесін енгізу жұмыстары басталады. Сонымен қатар, мемлекет экономикалық белсенділігі төмен халық үшін жарна төлейтін болады. Жұмыс берушілер – жалдамалы жұмысшылар үшін, қызметкерлер мен салық органдарында тіркелген өзін-өзі қамтыған азаматтар өздері үшін төлейтін болады.

Мемлекет азаматтарды тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемімен (әрі қарай – ТМККК) әрі қарай қамсыздандыруын жалғастырады. Олардың қатарына әлеуметтік мәні бар аурулар, шұғыл жағдайлар, жедел медициналық көмек, санитарлық авиация мен вакциналау кіреді.

Азаматтардың денсаулығын қорғаудың жалпыға бірдей құқығын қамтамасыз ету мақсатында сақтандырылмаған азаматтарға 2020 жылға дейін ТМККК аясында амбулаторлық дәрілермен қамсыздандырылған амбулаторлық-емханалық көмек көрсетілетін болады.

МӘМС аясында сақтандырылған азаматтарға жоғарғы технологиялық медициналық қызметтер, стационарды алмастыратын технологиялар, ұзақ мерзімді мейіргерлік күтім, амбулаторлық дәрілермен қамсыздандырылған амбулаторлық-емханалық көмек көрсетілетін болады.

Сонымен қатар, егер азаматтар ерікті сақтандыруға қатысатын болса, МӘМС жүйесінде қарастырылмаған медициналық көмек ала алады. Ол жеке сақтандыру компанияларымен бекітілген келісім шарт негізіне жүзеге асырылады.

2017 жылдың 1 қаңтарынан бастап мемлекет, жұмыс берушілер, өзін өзі жұмыспен қамтыған азаматтар Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына (әрі қарай – ӘМСҚ) жарна төлеуді бастайды.

Ерекше санаттағы азаматтар үшін мемлекет төлейтін жарнаның мөлшерлемесі орташа айлық еңбекақының 7% құрайды. Сонымен қатар мөлшерлеменің көлемі 2017 жылы 4%, 2018 жылдан бастап 5%-ға, 2023 жылдан 6%-ға, 2024 жылдан 7%-ға сатылай өсетін болады.

Жұмыс берушілер жарнасы мөлшерлемесінің жалпы көлемі кірістің 5%-ын құрайтын болады. Аударым 2017 жылы 2%-ды, 2018 жылы 3%-ды, 2019 жылы 4%-ды, 2020 жылы 5%-ды құрайтын болады.

Өзін-өзі жұмыспен қамтыған азаматтар жарнасының мөлшерлемесі (жеке кәсіпкерлер, жеке нотариустар, жеке сот орындаушылары, адвокаттар, кәсіби медиаторлар, азаматтық-құқықтық негіздегі келісім бойынша кіріс табатын жеке тұлғалар) олардың кірісінің 7% құрайтын болады. Ол 2017 жылы 2%, 2018 жылы 3%, 2019 жылы 5%, 2020 жылдан бастап 7% болады.

Жалдамалы жұмысшылар жарнаны 2019 жылдан бастап 1%, 2020 жылдан 2%-дық мөлшерде төлейтін болады.

Әлеуметтік медициналық сақтандыру Қоры (әрі қарай – ӘМСҚ) жарнасын төлеуден азаматтардың 15 санаты босатылады, оның ішінде 12-сі – халықтың әлеуметтік тұрғыдан осал тобы, сонымен қатар, әскери қызметкерлер, арнайы мемлекеттік және құқық қорғау органдарының жұмыскерлері.

Халықтың әлеуметтік тұрғыдан осал тобына:

– балалар;

– «Алтын алқа», «Күміс алқа» иегерлері, бұрын «Батыр Ана» атағын алғандар, сонымен қатар I және II дәрежелі «Аналық даңқ» орденімен марапатталған көп балалы аналар;

– ҰОС ардагерлері мен мүгедектері;

– мүгедектер;

– жұмыссыз ретінде тіркелген азаматтар;

– интернат мекемелерінде оқытылып, тәрбиеленіп жатқан тұлғалар;

– техникалық, кәсіптік, орта білімнен кейінгі және жоғарғы білім беру ұйымдарында күндізгі бөлімдерде, сонымен қатар резидентура формасындағы ЖОО кейін білім алып жатқан тұлғалар;

– бала тууға, бала асырап алуға, 3 жасқа дейінгі бала күтіміне байланысты демалыстағы тұлғалар;

– жұмыс істемейтін екіқабат әйелдер, іс жүзінде 3 жасқа дейінгі баланы тәрбиелеп отырған жұмыссыз азаматтар;

– зейнеткерлер;

– ең төменгі деңгейдегі қауіпсіздік мекемелерін есептемегенде сот шешімімен ҚАЖ мекемелерінде айыбын өтеушілер;

– уақытша ұстау изоляторлары мен тергеу изоляторларындағы азаматтар жатады.

Айта кету керек, МӘМС аясында көрсетілетін медициналық көмектің көлемі ӘМСҚ-ға төленетін жарна көлеміне тәуелді емес. Ең бастысы, жарна уақытылы әрі үнемі төленіп тұруы тиіс.

Қазақстанда қолданыстағы тәжірибеге сай ӘМСҚ-ға түсетін жарналарды бақылау ісін ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кіріс комитетіне жүктеу ұсынылады.

Сарапшылардың болжамы бойынша МӘМС-ті енгізгеннен соң еліміздегі медициналық көмек көрсетудің деңгейі айтарлықтай өсетіні, сондай-ақ, дәрігерлердің жалақысын арттыру мүмкіндігі пайда болады. Ауруханалар жоғарғы санатты жабдықтар мен қымбат дәрі-дәрмектер ала алатын болады. МӘМС адамға тексеруден өтуіне, қажет болған жағдайда өз қаржысын жұмсамай ем алуына мүмкіндік береді.

Жалпы тәжірибелі дәрігерлік қызмет

Қазақстан Республикасы Президентінің 17.01.2014 жылғы «Қазақстан жолы -2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Қазақстан халқына жолдауы бастапқы медициналық санитарлық көмекті әрі қарай дамыту бойынша Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласындағы басым бағыттарын айқындап берді.

Бастапқы медициналық санитарлық көмек көрсету тұрғындар мен денсаулық сақтау жүйесінің қатынасуының бірінші деңгейін көрсетеді, денсаулықты қорғаудың үздіксіз үдерісінің бірінші кезеңі әрі қарай мамандандырылған медициналық көмек көрсету қызметімен толықтырылады. Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 -2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру үшін бастапқы медициналық санитарлық көмек көрсетудің тиімді әдіс – тәсілдері мен түрлерін өңдеу және енгізу, кешенді жетілдіру жұмыстарын жүргізу, амбулаторлық емханалық көмек көрсету тиімділігі мен сапасының қажетімділігін арттыру мақсатында Қазақстан Республикасының Президенті 29.11.2010 жылы №1113 каулысын бекітті.

Бастапқы медициналық санитарлық көмек көрсетудің заманауи үлгісі пациентке, отбасына және қауымдастыққа тұспалданып сипатталады:

–         қызмет көрсетудің отбасылық қағидалары дамиды;

–         әлеуметтік қоршаған ортада орналасқан, денсаулық мәселелері бар тұлға ретінде пациенттерге көзқарас қалыптастыру;

–         әлеуметтік жұмысшылар және психолог мамандарының болуы;

–         тиімді профилактикалық технологияларды қолдана отырып, тұрғындардың мінез – құлқының зор үлгісін қалыптастыру (инновациялық профилактикалық қызметтер);

–         азаматтарды өз денсаулығына ынтымақты жауапкершілікті дағдыландыру.

Аймақтық қызметті жалпы тәжірибелі дәрігерлік тәжірибесіне бірте – бірте ауыстыру  (әрі қарай – ЖТД) Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың мемлекеттік бағдарламасының басым бағыттарының бірі. Осы бағдарламаны іске асыру мақсатында №7 қалалық емханасы шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорынында бастапқы медициналық санитарлық көмек көрсетуді (әрі қарай  БМСК) ЖТД тәжірибесіне ауыстыру бойынша белсенді жұмыс жүргізілуде.

2015 жылдың соңына дейін БМСК қызметкерлерінің 75%-ы ЖТД тәжірибесіне ауыстырылады, ал 2016 жылдың ІІ – жартыжылдығында аймақтық қызмет толығымен жалпы дәрігерлік  тәжірибеге ауыстырылады. Жалпы тәжірибелі дәрігердің ең басты мақсаты – отбасы денсаулығын сақтау, алғашқы медициналық көмек көрсету, жас шамасына, ауру түріне қарамастан науқастарды емдеу.  Жалпы дәрігерлік тәжірибелік жұмыста орта буын медицина қызметкерлері маңызды рөл атқарады. Әрбір отбасының әлеуметтік жағдайын, отбасы мүшелерінің денсаулық деңгейін біле тұра, аурудың даму ерекшеліктерін, өз пациенттерінің сенімін, абыройын пайдалана отырып, отбасылық медбикесі тек үйлестіру қызметімен айналысып қана қоймай, сонымен қатар нақты профилактикалық іс – шараларды өңдеп, іске асырумен айналысып, пациенттерге медбикелік күтім жоспарларын өңдеп, жүзеге асыруды әрбір отбасының өмір шарттарына сәйкес жүргізеді.                                                                                        Біздің емханада әрбір ЖТД –ге бекітілген тұрғындар саны  2200-2700, мұндай көрсеткіш әлемдік көрсеткіштердің салыстырмалы шамасына сәйкес. Біздің емханадағы ЖТД қызметкерлеріне жүктелген жұмыс мөлшері –  бір ауысымда 25- пациент қабылдайды (қабылдау ұзақтығы -5 сағат). ЖТД барлық аймақтары 3 орта буын медицина қызметкерімен жасақталған. Дәрігерлер жұмысты медбикелерге табыстау уәкілеттігін жүргізеді.  ЖТД жұмыс орындары Қазақстан Республикасының Денсаулық Сақтау Министрлігінің порталдарына, бағдарламаларына, интернетке кірістірілген компьютерлермен жасақталған. Біздің емханада бөлімшелердегі жұмысты ұйымдастыру барысында ЖТД дәрігерлерінің қабылдау кестелері (терапевтердің) ЖТД дәрігерлерімен (педиатр) ЖТД дәрігерлері қатарласып жүргізіледі, бұл олардың кәсіптік қарым – қатынас жасау, бір – бірімен кеңесу мүмкіндігін арттырады. Бірақ ЖТД тәжірибесін толығымен енгізу кейбір мәселелерді ушықтыруы мүмкін, ересектерді де балаларды да қабылдайтын жалпы тәжірибелі дәрігерлерге қандай да бір сенімсіздік туындауы мүмкін. Осындай келеңсіздіктерді болдырмау мақсатында емханада ЖТД тәжірибесінің артықшылықтары туралы тұрғындар мен медицина қызметкерлері арасында кең ауқымды түсіндіру жұмыстары жүргізілуде.                                                                    Жалпы тәжірибелі дәрігер (отбасылық дәрігер) – ол дәлелді медицинада  шет елдердегі отбасылық дәрігерлердің институттарын дамыту бойынша оңды тәжірибе. Қазіргі уақытта ауылды жерлерде жұмыс істейтін дәрігерлер шын мәнінде отбасылық дәрігерге айналғалы қашан?          ЖТД  дегеніміз – бұл «Медицина мәселелері бойынша отбасылық қорғаушы».  Жалпы тәжірибелі дәрігер тұтас отбасын емдейді, сондықтан да, отбасының барлық мүшелерінің балалардан бастап аға буын өкілдеріне дейінгі тұрғындардың денсаулық жайын білетін тұлға ретінде есептеледі. Баршамызға мәлім, бала денсаулығы, оның ата – анасының денсаулығынан бастау алады.

 

№7 Қалалық емханасының

 бас дәрігері                                                                 Д.А.Сарсенова

Белсенді өмір – ұзақ ғұмыр

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру мақсатында, ағымдағы жылдың 6 қыркүйегінде еліміздің барлық өңірлерінде «Белсенді өмір – жүз жастық ұзақ ғұмыр» ұранымен кең ауқымды «Денсаулық фестивалі» акциясы өткізілді. Бұл фестиваль «Ұлан» стадионында облысымыздың «Саясаткер әйелдер клубы» мен салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығының қолдауымен өтті. Фестиваль шеңберінде дәрігерлер тұрғындарға салауатты өмір салтын сақтау мен нығайту туралы тегін кеңестер берді. Акция барысында велошерушілер белгіленген көшелер бойынан мәре сызығын кесіп өтті, ал жастар стадионда «флеш моб» шарасын ұйымдастырды. Сондай –ақ облыстық спорт мектептерінің тәрбиеленушілері де өз өнерлерін ортаға салды.

Бұл фестивальде мүмкіндігі шектеулі жандардың қатысуымен қол күресі, дойбы ойыны, қол арбамен жарыс ұйымдастырылса, жас ерекшеліктеріне қарай ерлер мен әйелдер арасында 100 метрге жүгіру, студенттер арасында шағын футбол, медицина және білім беру қызметкерлері арасында «Көңілді старт» ойыны, арқан тарту, қол күресі ұйымдастырылды.
№7 қалалық емханасының қызметкерлері:
Алға тартып, шынықтырған,

Бұл «Қазақстан – саламатты»

Алға шық, бұл- жарыс

Командамыз «БАРЫС»

деген ұранмен «Денсаулық фетиваліне» белсенді түрде атсалысып, «арқан тарту» ұлттық ойынының II орын жүлдегері атанды. Мереке соңында жарыс жеңімпаздары мен жүлдегерлері арнайы дипломдармен және сыйлықтармен марапатталды.

ЖАМБЫЛ ОБЫЛЫСЫ АЙМАҚТЫҚ CALL – ОРТАЛЫҒЫ

Құрметті тұрғындар!

Егер Сіз,емханалардағы медициналық

көмектің сапасына қанағаттанбасаңыз немеса медициналық көмек

көрсетуге байланысты

мәселерге кез болсаңыз,

медициналық ақпараттық қолдау

мүмкіндігін жүзеге асыратын

Жамбыл обылысы аймақтық

Call-орталығы қызмет көрсетеді.

ЖҰМЫС УАҚЫТТЫ : сағ. 08.00-20.00

ЖАМБЫЛ ОБЫЛЫСЫ АЙМАҚТЫҚ

CALL – ОРТАЛЫҒЫ

ТЕЛ: 555-160